Жарияланды: 13.04.2020

Балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің аясында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында Тәшенов көшесі №47, Дулати көшесі №2, Тәуке хан даңғылы №76, Республика даңғылы №1, Айбергенов көшесі №7Б, Володарский көшесі №13, Қабанбай батыр көшесі №5, №5а,
Жангельдин көшесі №3,№5, Айбергенов өткелі №6, Бекет батыр көшесі №2 үйлерінің қазіргі таңда аулаларын аббаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Дәл қазіргі жағдайға қарамастан мердігерлер қызу жұмысқа кіріскен. Аталған ауданда бұл тарапта жоспарланған жұмыстар көп. Биыл аудан тұрғындары абаттандырылған тап-таза аулада демалатын болса, балалар су жаңа алаңшаларда ойнайтын болады. 

808 қаралым