Жарияланды: 08.07.2018

Өндірісті өрге сүйрейтін болады -2

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласындағы өндіріс орындары өңіріміздегі индустриалды даму бағдарламасына өз үлестерін қосып келеді.  Кентау көпсалалы колледжінің 50 студенті жоғарғы оқу орнына түсуге бел байлапты. 25 студент трансформатор зауытта жұмыс істеп, нәпақасын тауып отыр. Дуальды оқыту жүйесін жолға қойған колледж өзгелерге үлгі. Ашылғанына аз ғана уақыт болса да білімін тәжірибемен ұштастырған дайын жұмысшы даярлап, ең бастысы, зауытқа қажетті мамандарды оқытып отыр. Бұл өз кезегінде маман тапшылығы болмайды деген сөз.  Былтырғы жылдан бастап қабылданған ережеге сай өңірдегі 24 оқу орнында «Жол картасы» аясында дуальды оқыту жүйесі енгізілген болатын. Үш жыл ішінде білім ордалары екі мыңнан аса студентті жүздеген кәсіпорынға дайындап шығуы тиіс. Бүгінде облыс бойынша 24 колледжде 2 051 студент білім алуда. Оның ішінде 33 мамандық бойынша оқып жатыр. Мониторинг бойынша анықталғанындай сұранысқа ие мамандықтар дәнекерлеуші, қоғамдық тамақтану, текстиль өндірісі, металлургия мен энергетика саласы бойынша мамандар даярлауға басымдық берілген. Келісім бойынша әр мекеме дуальды білім жүйесі бойынша өндірістік іс-тәжірибеден өткен студентті жұмысқа алуға міндетті. Президент тапсырмасына сәйкес оқытудың дуалды жүйесін енгізудің ұлттық моделін қалыптастыру қолға алынған болатын. Бүгінде еліміздегі 100-ден астам колледж осы жүйеге аяқ басып отыр. Нәтижесі жаман емес. Биылғы жылы алғашқы түлектер қанат қақты. Білім, білігі мол мамандар енді  өндірісті өрге сүйрейтін болады.

                              Динар Бекасыл

937 қаралым