Жарияланды: 15.04.2020

Шымкентте құрылыс қарқыны төмендемейді

«Төтенше жағдай кезінде Шымкенттегі құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Карантин жұмысқа қолбайлау болмауы керек. Барлық мүмкіндікті қарастыра отырып, жұмысты жүйелеген жөн. Қайта осындай сәтте өзге өңірлерден келіп, үйінде бос жатқан қолынан іс келетін мамандарды көптеп еңбекке тарту жағын қарастырған дұрыс. Дегенмен, азаматтардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс».
Бүгін «Шымкент сити» шағынауданындағы салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысын аралап көрген қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай деді.

Миллионды қала басшысы мердігерлерге қиын-қыстау кезеңде жұмыссыз жүрген азаматтарды құрылысқа тартуға шақырды. Дегенмен жұмысшылардың денсаулығын жіті бақылауда ұстауды тапсырды. Мұрат Дүйсенбекұлы қазіргідей кезеңде көпшілікті өз денсаулығы үшін, қауіпсіздігін ескеріп, үйлерінде отыруға шақырды.
Қала әкімі барған нысанның бірі 16 қабатты «Француз» стиліндегі 4 үй. Құрылысты «Отау Строй» компаниясы жүргізіп жатыр.
Бас Инженер Абжат Акимовтың айтуынша, «360 пәтерлі тұрғын үй жұмыстарының негізгі бөліктері аяқталған. Қазір ішкі жөндеу және қас беттенін қаптау жұмыстары жүріп жатыр. Құрылысқа 3 миллиард 955 миллион теңге қаралған. Қала аумағында карантин жариялануына байланысты шеттен келіп жұмыс істейтін қызметкерлердің бірқатары келе алмай қалған.
Қазір жергілікті азаматтарды жұмысқа тарту бойынша өтімдер қабылданып жатыр. Оған қоса қалалық жұмыспен қамту орталығына жалпы қала аумағындағы құрылыстарға қажетті 443 құрылысшы маманға сұраным берілген.

 

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

786 қаралым