Жарияланды: 15.04.2020

Тазалық шаралары қызу жүргізілуде

Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданының аумағында тазалық шаралары қызу жүргізілуде. Ауа райының қолайсыздығынан ағаштар сынып, көше қоқысқа толған болатын.  Соны тазалау шарасы әлі де жалғасуда. Аудан аумағындағы Ш.Қалдаяқов, Ю.Гагарин көшесінің  бойындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларында сынған ағаштар көп. Тазалықшылар жұмыла жұмыс жасап жатыр. Аудан аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты және Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен бірлесе ішкі орам көшелерінің және көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында ауа-райының қолайсыздығынан сынған және құлаған ағаштардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар тарапынан түскен барлық өтініштер назарға алынды, сынған ағаштардың көптігіне байланысты тазалау шаралары әлі де жалғасуда.

833 қаралым