Жарияланды: 15.04.2020

Көше құрылысы қарқын алды

Ағымдағы жылдың тамыз айында Шымкентте 1048 пәтерлі 16 кредиттік тұрғын үй мен 2 инженерлік инфрақұрылым нысаны пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, «Шымкент сити» шағынауданында 4,3 млрд.теңгеге жалпы ұзындығы 13,8 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылысы биыл аяқталмақ. Шымкент қаласында 2020 жылы барлық қаржы көздері есебінен 13 636 пәтерлі 252 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жалпы ауданы 1 миллион шаршы метрді құрайды. Оның ішінде, 78 тұрғын үй бюджет, 48 үй «Shymkent» ӘКК» АҚ және 126 үй жеке салушылар есебінен жүргізілуде.
Мемлекеттік инвестициялар есебінен 126 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жоспарланған. Ағымдағы жылы 107 көпқабатты тұрғын үй немесе 6 213 пәтер пайдалануға беріледі.

648 қаралым