Жарияланды: 17.04.2020

Жол құрылысының сапасы басты назарда

Төтенше жағдай Шымкенттегі жол жөндеу жұмыстарына қолбайлау болмауы керек. Көшедегі көлік қозғалысының аздығы мен жұрттың жаппай үйде отырған сәтін тиімді пайдаланған жөн. Бүгін қала аумағында жүріп жатқан жол құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай, деді. «Қаланың орталығында тұрсақ та талайдан бері топырақ кешіп жүр едік. Енді міне көшемізге асфальт жол төселіп, су ағар арықтар орнатылып жатыр. Әсіресе бұл жағдайға балаларымыз қатты қуанды. Көшеміздің ажары кірді. Бұл үшін қала тұрғындарының атынан алғысымыз шексіз»,- деді қала әкімімен жүздескен «Самал-2» шағынауданындағы Сейітов көшесінің тұрғындары. Қаладағы Гагарин көшесі мен Республика даңғылындағы жол құрылысы да қарқынды жүруде. Қалаға кіреберістегі орталық даңғыл бойындағы құрылысты аралаған қала басшысы мердігерлерге бірінші кезекте сапаға мән беруді тапсырды. Оған қоса карантин кезінде жұмысшылардың барлық сақтық шараларына мұқият болуды жүктеді.

724 қаралым