Жарияланды: 17.04.2020

Тазалық шаралары күшейтілді

 

Шымкент қаласына қарасты Абай ауданында бүгінде тазалық шараларына баса көңіл бөлінуде. Басты көшелер мен саябақ, гүлзарлар аумағы тазаланып, қоқыстар шығарылуда. Одан бөлек, дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінге дейін аудандағы 31 шағынаудан мен тұрғын алаптағы 582 көше дәрілеуден өтті. Бұл жұмыстарға 8 арнайы техника мен 130 әскери қызметші жұмылдырылды. Аудан аумағындағы оқшауланған 6 нысандағы жағдай жіті бақылауға алынып, тұрғындарға қажетті заттарды жеткізу жүйеленді. Карантинге жабылған аймақтардағы тұрғындарға «Biz Birgemiz» акциясы аясында және демеушілер есебінен азық-түліктер тегін таратылды. Бүгінде дейін 1790 отбасыға, 2368 азық-түлік пакеті табысталды. 892 отбасыға тиесілі көмектер үлестірілуде. Көпбалалы отбасылар мен жағдайы төмен отбасыларға 32 мың бетперде таратылып, «Biz Birgemiz» акциясы аясына 55 жастан асқан азаматтар мен зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 330 мың бетперде таратылды. Індеттің алдын алу мақсатында аудан аумағында орналасқан банк филиалдарында сақтық шаралары қолға алынып, келушілер үшін арнайы күту орындары әзірленді. Ауданда бетперделік режимді сақтау қатаң бақылауға алынған.

 

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

884 қаралым