Жарияланды: 17.04.2020

Қала тазалығы баршаға ортақ

Қаратау Шымкент қаласындағы жаңадан құрылған аудандардың бірі. Бүгінде Қаратау ауданындағы 24 шағынаудан мен тұрғын алап бар. Онда 247 мыңнан астам тұрғын тұрады. Ауданда 416 көпқабатты, 47202 жеке үй бар. Аудан аумағында тазалық шаралары басты назарда тұр. Әр төрт күнде бір рет барлық шағынаудандар мен тұрғын алаптардастары  залалсыздандыру жұмыстары жүруде. Көпқабатты тұрғын үйлердің дәліздері, жеделсатылары және тұрғын үйлердің аумақтары химиялық өңдеуден өтуде. «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын көмекке аса мұқтаж 6101 азаматтың есеп-шотына 50 мың теңге көмек аударылды. «Nur Otan» партиясы филиалымен бірге «Қайнарбұлық» саяжайы, «Қайнарбұлақ», «Достық», «Бозарық» тұрғын алаптарындағы барлық тұрғындарға 272 мыңнан астам бетперде таратылды. Демеушілердің қолдауымен аз қамтылған 400 отбасыға ұн мен тауық еті таратылды. «Мега Фарм» мекемесімен келіссөздер жүргізіп, тұрғындарға 6 мың бетперде тегін үлестірілді.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

881 қаралым