Жарияланды: 17.04.2020

Жұмысшы жастар баспаналы болмақ

Ғалымжан Төлепов, Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы: «Қазіргі таңда 107  азамат түрғын үймен қамтылып жатыр. Алайда, ҚР Президентінің 2020 15 наурыздағы №285 «ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына және Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Қаулысында азаматтардың қозғалуын шектеуге байланысты төтенше жағдай аяқталғанға дейін құжаттарды рәсімдеу және жалдау шартын беру жұмыстары тоқтап тұр».

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, алдағы уақытта қосымша 100 пәтер азаматтарға тапсырылатын болады. Жылдың аяғына дейін, жоспарға сәйкес, Шымкент қаласында жалпы — 3284 пәтер пайдалануға тапсырылады, деп хабарлайды «Отырар.кз». Оның ішінде 450 арендалық пәтер-көпбалалы отбасыларға үлестіріледі. 394 жалдамалы пәтер әлеуметтік жағынан әлсіз топтар тізімде тіркелген азаматтарға. 300 жалдамалы  пәтер жұмыс істейтін жастарға және 2836  кредиттік пәтер  беріледі.

753 қаралым