Жарияланды: 18.04.2020

Құрылысқа мамандар қажет

Бүгінде Шымкент қаласында құрылыс қазаны қыз-қыз қайнап жатыр. Қаланың қай аумағына барсаңыз да жаңадан бой көтерген көпқабатты үйді, не болмаса мектепті көресіз. Құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізілуіне байланысты бүгінде осы сала мамандарына сұраныс артып отыр. Құрылыс саласына қазір дәнекерлеушіден бастап, 500-ге жуық жұмысшы қажет. Бетоншы, сылақшы, дәнекерлеушілерге аса қажеттілік туып отыр. Мамандарды жұмысқа шақырып отырғандардың қатарында  «Отау-Строй», «ART – Құрылыс»,  «Ақ Ордасы корпорациясы»,  «Сити-Строй Корпорациясы» ЖШС,  «Атамекен» корпорациясы »,  «Югстройсервис-Н» ,«СМП-Қызылорда», «ПМК-7К», «Лидер-НК», «Алем Строй-1» , «Базис-К»
«Урысс Сервис-СК» , «ТВИК»,  «Шұғыла-2002», «ОРИОН», «Ынтымақ бесарысы» , «МК-Технострой Сервис», «РСУ-1»,  «OTAНO LTD» , «Отработ Құрылыс»  серіктестіктері бар. Дәл қазіргі уақытта жұмыс іздеп жүргендерге әлеуметтік қолдау болары сөзсіз.

961 қаралым