Шымкентте кәсіпкерлік саласы өркендеп келеді. Қала аумағында жалпы 69 мыңнан астам шағын және орта бизнес тіркелген. Ал ірі бизнес субьектілері де жетерлік. Төтенше жағдайға байланысты тоқтап қалған нысандарды кезең-кезеңмен іске қосу бойынша арнайы жоба әзірленіп, жұмыс істелініп жатыр. Бірінші кезекте қажетті деген өндірістерді іске қосу жоспарлануда. Аса қажетті өнім өндіретін өндіріс орындары ырғақты жұмыс кестесіне көшетін болады. Қала қазынасына қомақты үлес қосатын кәсіпорындар сондай-ақ әлеуметтік әлеуетін арттыру бағытында да көптеген игі шараларды қолға алуда. Жұмысшыларға әлеуметтік көмек көрсетіп жатқан кәсіпкерлер аз емес. Одан бөлек, шымқалада көктемгі дала жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Шаруаларға қажетті жанар-жағармай арзандатылған бағамен беріледі. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл шымкентте 224 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асып нәтижесінде 8 380 мың адам жұмысқа орналасады.
Жарияланды: 18.04.2020