Жарияланды: 20.04.2020

Тазалық жіті бақылауда

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты 20 шағынаудан, 16-тұрғын-алабы, жалпы 3000-нан астам халық бар. Еліміздегі төтенше жағдайлар режиміне орай, аудандағы кәсіпкерлік нысандар, монша кешендері мен сауда орындары өз еркімен жұмыстарын тоқтатқан. Тұрғындар карантин жағдайында   талаптардың сақталуына  жауапкершілік танытып, аймақта халық арасындағы қатынас азайған. Тазалық шаралары да басты назарда тұр. Ауданда тазалық жұмысына жауапты мекемелердің жұмысы қыза түскен. Ал азық-түлік базарларында күніне екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Еңбекші ауданына қарасты аймақта үш блок — бекет орнатылған. Бүгінгі таңда қатаң тәртіп пен тазалық жіті бақылауда. Сонымен қатар, Еңбекші ауданына қарасты  350-ден астам отбасыға «Nur Otan»  партиясы қолға алған «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында әлеуметтік көмек көрсетілді. Еңбекші ауданына қарасты СоLL-центрге күніне 300-ден астам қоңырау келіп түседі. Бүгінгі күнге дейін 3000-ға жуық өтініш-шағымдар қабылданды.

757 қаралым