Бүгінде Түркістан облысында тұзданған топырақтарды жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сол арқылы жүгері дақылының өнімін арттыру да басты міндеттердің бірі. Өңірдегі экологиялық апаттың алдын-алу мен топырақтың құнарлылығын арттыру, шаруалардың еңбек өнімдерін еселеу мақсатында қолға алынған жобалар да баршылық. Жүгері кластерін дамыту және суармалы жерлердің тұздануы мәселелерін, су тапшылығын шешу бағытында да жұмыстар атқарылуда. Өңіріміздегі топырақ деградациясы және олардың құнарлағын жоғарлатудың қазіргі заманғы әдістері баршылық. Бүгінде «Ақтөбе-Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 105 гектар жерге жүгері дақылын еккен. Аталмыш кооператив алдыңғы жылдары жүгеріден 50-60 центтнерден өнім алып келген. Биыл Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми — зерттеу институтуның ғалымдармен бірлесіп жасаған жұмыстың нәтижесінде гектарына 130-140 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Отырарлықтар жыл сайын жүгері дақылының көлемін ұлғайтып қана қоймай, оны терең өңдеуді мықтап қолға алған. Суармалы жерлерге инновациялық технологияларды ендіру мәсеелелері назардан тыс қалып отырған жоқ. Қарқынды бауларда алма өсірудің соны технологиясын ендіру және өзге де бағыттар аясында инновациялық тәсілдер қолданылмақ. Сол арқылы, облыстың агроөнеркәсіп саласының инновациялық дамуын арттырып, әлеуетін көтеру басты мақсат болып отыр.
Жарияланды: 08.07.2018