Жарияланды: 21.04.2020

Құрылыс жұмыстары қызып жатқанын айғақтайды

Бүгінгі Шымкентті осыдан 10 жыл бұрынғы қаламен салыстыруға келмейді. Көркейген. Өркендеген. Өзгерген. Ірі өзгерістер туралы емес, кішігірім өзгерісті атап өтуді жөн көрдік. Қалада құрылыс индустриясы қарқын алды. Көкке мойын созған алып крандар қаланың әр бұрышында құрылыс жұмыстары қызып жатқанын айғақтайды. Одан бөлек, көшелер, аяқжолдар жөнделуде. Әлеуметке ыңғайлы болу үшін көшелерге орындықтар орнатылуда. Қала тазалығын сақтау мақсатында көше бойларына кішігірім қоқыс жәшіктері қойылған. Биыл қаладағы 205 қиылыста жол белгілері мен бағдаршамдар жаңартылды. Автобус аялдамаларын қайта құру және жөндеу жоспарда бар.

Дәулет Қуанышқали

738 қаралым