Жарияланды: 21.04.2020

Әлеуметке көмек…

Шымкент қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға “Birgemiz” қоғамыдық қорынан жалпы 1 миллион бетперде таратылатын болады. “Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері, “Жас Отан” жастар қанаты мүшелері, қаланың ерікті жастары және Әл-Фараби ауданы қызметкерлерімен бірлесе аудан аумағында орналасқан Текесу елді мекені, Сауле шағынауданы, Ескі шахар аумағы, Терешкова көшелерінде тұратын 3279 аз қамтылған отбасыларға 50 данадан, жалпы 163950 тегін медециналық бетперделер таратылды. Алдағы уақытта бұдан өзге де әлеуметтік көмек көрсету көзделуде. Әл Фараби ауданы бойынша аз қамтылған отбасылардың тізімі жаңартылуда. Жаңадан енгізілген отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілетін болады.

873 қаралым