Жарияланды: 30.04.2020

Коммуналдық төлем бойынша 7,5 мың азаматтың өтінімі мақұлданған

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналды қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын.

Осыған орай, бүгін ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов тұрғындарға берілетін өтемақыға қатысты ақпарат берді.

— Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында «communal-komek.kz» сайты іске қосылған болатын. Онда әр азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21 сәуірден бастап 22 390 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 14 773 азаматтың жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, нәтижесі бойынша 7518 азаматтың есеп шоттары анықталмаған. Ал 7 255 азаматтың өтінімі мақұлданды, — деді басқарма басшысы.

Айта кетсек, әлеуметтік көмек бойынша азаматтарға кеңес беру мақсатында Шымкентте сall-орталық ашылған. Орталық таңғы 09:00 мен 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. 15 000 теңге көлеміндегі коммуналды төлемге қатысты сауалдар болса, 8(7252) 39-23-68 нөміріне хабарласуға болады. Оған қоса, қалада волонтерлер арқылы «Ізгілік» сall-орталығы жұмысын жалғастыруда.

817 қаралым