Өткен тәулік ішінде еліміздің 1604 азаматынан коронавирус инфекциясы табылған болса, оның 69-ы – Шымкент қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қосымша айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша COVID-19″ инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 3151-ге (+69) жетсе, жазылып шыққандар саны 705 адамды құрайды. Мұның барлығы да медициналық қызметтің сапасының артуы мен қолжетімділігінің артқанының арқасында орын алып отыр.
Осыған байланысты, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.