Авторские архивы: admin

Астанада Қазақстан мен Оңтүстік Африка сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың 7-ші раунды өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш пен Оңтүстік Африка Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық министрінің орынбасары Кандиз Машего-Дламинидің төрағалығымен Қазақстан-Оңтүстік Африка саяси консультацияларының кезекті 7-ші раунды өтті. Іс-шара барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша пікір алмасты. Сауда және инвестициялар, көлік және логистика, туризм, ауыл шаруашылығы, ...

Читать далее »

Босния және Герцеговинаның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Босния және Герцеговина (БжГ) Төралқасы Төрайымы Желька Цвияновичтің осы аптада жұмыс сапары қарсанында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко БжГ-ның Қазақстандағы (қоса атқарушы) Елшісі Желько Самарджиядан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады. Р. Василенко Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтап, қалыптасқан қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететіндігін атап өтті. Өз кезегінде Ж. Самарджия екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамыту үшін барлық күш-жігерін салуға ниетті екенін жеткізді. Сұхбат барысында дипломаттар қазақстандық-босниялық ...

Читать далее »

Қазақстан БҰҰ-ның қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты

Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде кезекті жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Бұл іс-шара Нью-Йорктегі дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдардың өкілдері және жергілікті тұрғындар үшін маңызды мәдени оқиға болып табылады. Аталған іс-шара дәстүрлі түрде БҰҰ Бас хатшысы жұбайының қамқорлығындағы «БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің елшілері мен дипломаттар жұбайларының клубы» атты әйелдер қауымдастығымен ұйымдастырылады. Ашылу салтанатында БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясының төрағасы Чаба Кёрёши құттықтау сөз ...

Читать далее »

Сербияның туристік өңірі – Златибор округінде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

 Консулдық округіне Златибор әкімшілік округі кіретін Сербияның ең көрнекті өңірлерінің бірінде Қазақстанның Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Сербия Республикасының Еңбек, әлеуметтік қорғау және ардагерлер істері бойынша министрі Никола Селакович, Сыртқы істер министрінің орынбасары Мирьяна Живкович, Ужице қаласының мэрі Елена Ракович-Радивоевич және Златибор округінің басшысы Десимир Попович, сондай-ақ Сербияның іскерлік, академиялық және шығармашылық топтарының өкілдері қатысты. Қазақстан Елшісі Мәди ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маргарета Седерфельтке ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. Президент парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектесетініне назар аударды. Сондай-ақ ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің жүзеге асырылуы туралы айтты. Маргарета Седерфельт Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы ...

Читать далее »

Дархан Сатыбалды Қытайдың Бас консулымен кездесті

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй бастаған көрші ел өкілдерімен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар инновациялар мен жаңа технологиялар саласындағы әріптестік мәселелері мен екіжақты ауқымды жобалар мен тауар айналымы турасында пікір алмасты. Облыс әкімі жуырда Түркістан облысы делегацияның Қытай еліне жасаған іссапарынан соң бірқатар келісімдер жасалғанын атап ...

Читать далее »

ТҮРКИЯ ҮШІН ТУРИЗМНІҢ ОРНЫ БӨЛЕК

Туризм саласын дамытуда Түркия әлем бойынша жетекші орында. Ел экономикасынан түсетін басты кірістердің бірі туризм саласына тиесілі. Бұл туралы Алматыда қазақ журналистермен кездескен Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы кеңесшісі Алпарслан Акынджы мырза мәлімдеді: “2022 жылғы деректерге сәйкес, былтыр Түркияға келген туристер саны 51,4 миллионнан асты. Бұл індет басталмай тұрғанда (2019 жылы) рекорд болған 51,8 миллионның ...

Читать далее »

Анталияның Финике ауданы Cittaslow тізімінде

Анталияның тарихи ауданы Финике табиғи сұлулығымен, дәмі тіл үйіретін тағамдарымен және тіршілік ағысының баяулығымен Халықаралық Gittaslow қауымдастығының назарына ілікті. Аталған ұйымның мәлімдеуінше, Түркияда адамдар асықпай өмір сүретін 22 баяу қала мен аудан бар. Үш жылдан астам талпыныс пен кеңестің нәтижесінде Анталияның сүйікті қалаларының бірі Финике қоршаған орта, инфрақұрылым, қалалық өмір сапасы, әлеуметтік келісім және қонақжайлылық критерийлеріне сай болғандықтан, «баяу қала» ...

Читать далее »

Стамбұл: Шығыс және батыс мәдениеті үйлесім тапқан шаһар

Жұмыс барысында Стамбұл қаласына жол түсті. Жүз естігенше, бір көрген артық деген. Бұл саяхаттың негізгі мақсаты – әсем шаһардың көрікті жерлерін аралап, тарихына қанығу. Алғашқы барған нысан – Сұлтанахмет немесе Көкмешіт. Бүгінде Түркияның символына айналған, әлемнің сәулет өнеріндегі ұлы туындылардың бірі – бұл мешіт ЮНЕСКО-ның мұралар қорына енгізілген. Көк мешіт 1616 жылы Византия королі өмір сүрген қамалдың орнына салынған, құрылысы жеті жыл бойы жүргізілген екен. Әшекейлеген тасының ...

Читать далее »

Стамбұлда әлемдік денсаулық сақтау қауымдастығы бас қосады

Халықаралық конгресс және конференция қауымдастығы (ICCA) және Қауымдастық және конференция форумы (AC) бірлесіп ұйымдастырған «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына 2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда өтеді. 2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына басқосу өтеді. Халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығы (ICCA) және қауымдастықтар мен конференциялар форумымен (AC) бірлесіп ұйымдастырылатын екі күндік бағдарлама ICCA және ...

Читать далее »