Авторские архивы: admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРЛЕРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында таеквондодан ақпанның 2-5 күндері Халықаралық G-2 турнирі өтті. Дүбірлі додада еліміздің намысын қорғаған түркістандық саңлақтар олжалы оралды. Ерлер арасында 87 келіде Нұрлан Мырзабаев қола алқа, ал 63 келіде Аманбол Бегімбетов күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, Фуджейрада 4-7 ақпан аралығында жастар арасындағы рейтингтік турнир өтке болатын. Халықаралық додада жастар құрамасы сапында еліміздің намысын қорғаған түркістандық ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС МАМАН БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Түркістан облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қарқынды жүзеге асып келеді. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды көздейтін жоба арқылы жастарға қолдау көрсетілді. 2023 жылы облыста осы жоба аясында тұрғын үй салу немесе сатып алуға ...

Читать далее »

Түркістанда тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу бойынша алғашқы республикалық форум өтті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қолдайтынын айтып, Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілетінін жеткізген болатын. Осыдан соң ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов барлық полицейлерге Президент тапсырмасына сәйкес тұрмыстық қатынастағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мен болдырмау бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Алғашқы болып Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов пен облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиевтің ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР ДОДАСЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Арыстық өнер мектебінің шәкірттері «Атадан мұра» қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық байқауда жеңіске жетті. Жарыс бүлдіршіндердің қазақ өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Одан бөлек, дәстүрлі ән мен күй және жыраулық өнердің мәртебесін көтеру көзделген. Аталған байқауда арыстық жас домбырашы Балабайсан Қонар мен қобызшы Жанерке Омарғали жүлделі І орынға ие болды. Қос жеңімпаздың жетекшілері Фарида Орақбаева мен Мөлдір Алмасбек.

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: 1 НАУРЫЗДА ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді. — Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік қызметке кадрлық резервтік іріктеу басталады. Аталған іріктеуді облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен Астанадағы кадр комиссиясы жүзеге асырады. Сәйкесінше, өңірлік резервке алынған азаматтар сайланатын лауазымдарды қоспағанның өзінде, жергілікті атқарушы органдардағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жұмысқа тұра алады. Сонымен қатар, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ӨТКЕН ЖЫЛЫ «БІР ТЕРЕЗЕ» ҚАҒИДАСЫМЕН 65 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

Келес ауданында «Turkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының Келес аудандық филиалы «Бір терезе» қағидасы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсетіп келеді. Өткен жылы аталған орталықтың консалтинг бөліміне 285 адам келіп, оларға 1425 кеңес берілген. Ал рұқсат құжаттарын рәсімдеу бөлімінде азаматтарға 850 кеңес беріліп, 69 қызмет көрсетілген. Филиалдың жобаларды сүйемелдеу бөліміне 93 жоба жасалып, 65 жоба сүйемелденген. Биылдан бастап өз кәсібін дамытуға, жаңадан кәсіп ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 330 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ ЖЕР ХАЛЫҚҚА ҚАЙТАРЫЛДЫ

Түркістан облысында мақсатына сай пайдаланбаған және заңсыз жекешеленген жерлерді ортақ қорға қайтаруда ауқымды жұмыстар жүргізіліп, 330,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Өңірде тұрғын үй салуға жер беру мәселесі де өзекті. Жер саласындағы өзекті мәселелер Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Онда өткен жылы атқарылған жұмыстар және 2024 жылға бекітілген шаралар баяндалды. Маңызды мәселеге қатысты облыс әкімі ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ҚМДБ-НЫҢ ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ АШЫЛАДЫ

  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Өтпеновпен кездесті. Кездесуде руханият саласындағы мәселелер қозғалды. Сонымен бірге Түркістан қаласында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан «Қылует» рухани-мәдени орталығынан ҚМДБ имамдардың білімін жетілдіретін Ислам институтын ашу бастамасы талқыланды. – Түркістан – киелі жер, рухани орталық. Түркістанға жылына кемінде 3-4 рет келмесек, сағынып қалатынымыз бар. Осында қолға алынған бастамалар Қазақ ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ӘЛЕУМЕТТІК ТАКСИ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» КММ-де мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетуге арналған әлеуметтік такси пайдалануға берілді. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, мекемеге «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорны» демеушілігімен алынған жаңа көліктің кілтін табыстады. Айта кетейік, орталықтың үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің қарамағындағы 20 мүгедектігі бар ...

Читать далее »

Нұрлан Әбдіров: Мақсат – азаматтардың еркін таңдауына жағдай туғызу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы VIII шақыры­лымдағы Парламенттің 1-сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде: «Біз Отанымызды өркендету жолында зор бетбұрыс жасап, жаңа дәуірге қадам бастық. Бірақ өзгерістер мұнымен бітпейді. Бұл – ұзақ жолдың басы ғана. Реформалар жалғаса береді, саяси құрылымды жетілдіру қажет. Бұл – аса маңызды жұмыс», деген болатын. Осы орайда еліміздің сайлау органдарына да жүктеліп отырған міндет зор екенін ескере отырып, ...

Читать далее »