Астанадағы «Eolus» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Оның 2023 жылы АҚШ-та орналасқан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу желеуімен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында кеңсе жалдап, «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС-ны тіркегені анықталды. Инвесторлардың қаражаты криптовалюта түрінде тартылды және есепке алу мен қайта бөлу үшін шетелдік хакерлер жасаған «energyeolus.info» платформасында көрсетілді. Астанада ақшасын салған 535 адам ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
ХҚКО-ның экс-қызметкері шетелдік көліктерді заңсыз тіркеп келген
«Азаматтарға арналған үкіметтің» Көкшетау қалалық ХҚКО-ның бұрынғы маманымен алдын ала сөз байласып, екі азаматтың жалған төлем құжаттарын қолданып, алымдарды төлемей шетелден келген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған. Бұл істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті тергеді. Жалған төлем-есеп айырысу құжаттары арқылы 68 көліктің заңсыз тіркелгені анықталды. Бастапқы тіркеу үшін алым төлемеу түріндегі мемлекетке келтірілген шығын шамамен 449 млн теңгені ...
Читать далее »Мемлекеттік қызметтер сайтына шабуыл жасаған хакер ұсталды
Жуырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасауда күдікті Қарағанды тұрғынын ұстады. Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды. Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден артық құрады. Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ...
Читать далее »Қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғауға қатысты сұрақтарына жауап алу мүмкіндігі пайда болды
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры Қазақстан азаматтарының еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңгерлік қолдау мен кеңес беретін «Әділеттілік құқығы» атты интернет-қабылдауын ашып жатыр. Жобаның бас сарапшысы – еңбек құқығы бойынша белгілі тәуелсіз құқық қорғаушы, Астана қаласының Заң консультанттары палатасының заңгері Аржан Сәдуақас. Ол Қоғамдық қордың YouTube арнасында тұрақты түрде онлайн қабылдаулар мен тікелей трансляциялар өткізетін болады. Мұнымен қоса, өз сұрақтарыңызды ...
Читать далее »Жүк көліктерінің бөлшектерін жымқырған жігіт ұсталды
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сайрам аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасауға қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы жігітті анықтады. Күдікті күндізгі уақытта бөтеннің жеке мүлкіне қол сұғып, жүк көлігінің әртүрлі 20-дан астам бөлшегін ұрлаған. Ұрланған затты ол машинаға тиеп, металды қабылдау пунктіне сатып жіберген. Жәбірленушіге 1,5 миллион теңге шығын келтірген. Сонымен қатар тәртіп сақшылары күдіктінің дәл ...
Читать далее »Мас күйінде автокөлікті басқарған 38 жүргізуші құрықталды
9 күн ішінде полицейлер жол қозғалысы ережелері бойынша 17 мыңға жуық бұзушылықты анықтады. Мәселен, «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде 9 күн ішінде облыс полицейлері 16838 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 38 жүргізуші ұсталды. Сондай – ақ қарсы жолаққа шыққаны үшін 17 жүргізуші, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткені үшін – 80, авариялық жағдай ...
Читать далее »Сарыағаштық оқушылар мектепте бірыңғай ұлттық киім киеді
Сарыағаш ауданы Нұрлы жол ауылындағы Б.Омаров атындағы №50 мектептің оқушылары ұлттық нақыштағы киімдерді күнделікті киюді әдетке айналдырған. Бұл бастамаға мектеп ұстаздары да атсалысып келеді. Білім ошағы қазақ тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру және еңбек пәндерінде ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерге басымдық береді. Сонымен қатар, оқушылар үйірме сабағында ұлттық аспаптарды меңгереді. Қос ішекті домбырамен күй шерткен шәкірттер ұлттық биді де назардан ...
Читать далее »Жолаушыдан арқар мен ақбөкеннің мүйізі тәркіленді
Түркістан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Төлеби ауданының полициясымен бірлесіп, жедел іздестіру іс-шаралары барысында сирек кездесетін жануарлардың бөліктерін заңсыз тасымалдаудың жолын кесті. Төлеби ауданындағы ауылдардың бірінде полицейлер «Ауди» көлігін тоқтатқанда жолаушының сөмкесінен болжам бойынша жабайы арқардың бас сүйегі мен бірнеше ақбөкеннің мүйізі табылды. Бұрын сотты болған күдікті Шымкент қаласының тұрғынынан алынған заттай айғақтар тиісті ...
Читать далее »«Америкалық кинодағыдай»: шымкенттік полицей халықтың ықыласына бөленді
Кадрларда – патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Тауби Ысқақов. Полиция қызметкерінің жол қозғалысын реттеу дағдылары әлеуметтік желі қолданушыларын таңдандырды. Видеоны TikTok қолданушысы өз парақшасында жариялаған. Ол көлікте кетіп бара жатып қызмет атқару барысындағы офицерді телефон камерасына түсіріп алған. Жарияланым авторы реттеушінің белгі беру кезіндегі қозғалыстарына тәнті болған. «Мына полицей ағам американдық кинодағыдай қозғалады екен, айқын» , – деп ойын ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫНА 72 МЫҢ ДАНАДАН АСТАМ ӨНІМ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН БАР
Түркістанда жылына 72 мың данадан аса темір-бетон бұйымдарын өндіруге қауқарлы «Нұр Строй ЛТД» ЖШС мекемесінің жұмысымен қала басшысы Нұрбол Тұрашбеков арнайы танысты. Ал кәсіпорынның осы күнге дейінгі жетістіктерін мекеме басшысы Жеңіс Аманбаев аралау барысында мәлімдеді. Аталған кәсіпорын 2008 жылы іске қосылған. Бүгінде мекемеде 200-ге жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорынның жылдық айналымы 6 млрд теңгеден асады. Сондай-ақ мұнда айына ...
Читать далее »