Авторские архивы: admin

Қазақстан мен Португалия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі Лиссабонда талқыланды

Қазақстан Елшісі Дәулет Батырашев Португалия кәсіпкерлер конфедерациясының президенті Арминду Монтейрумен кездесіп, екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың келешегін, португалдық кәсіпорындардың қазақстандық инвестициялық жобаларда қатысуын, сондай-ақ іскерлік делегациялардың сапарларын ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Қазақстандық дипломат еркін экономикалық аймақтар мен инвестициялық преференциялар жүйелерін құруына, «Астана» халықаралық қаржы орталығының және технологиялық сипаттағы алаңдардың қызметіне, сондай-ақ Қазақстанның транзит-көліктік әлеуетіне назар аудара отырып, шетелдік инвесторларды қорғау бойынша Қазақстан өкіметі ...

Читать далее »

Қазақстан мен Молдова инфрақұрылымдық жобаларда ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстанның Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдованың Инфрақұрылым және өңірлік даму министрі Лилия Дабижамен кездесті. Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. А. Айдарбеков сұхбаттасын Қазақстандағы саяси қайта құрулар мен әлеуметтік-экономикалық даму туралы хабарландырды. Өз кезегінде Л. Дабижа басқарып отырған Министрліктің жүзеге асырып жатқан жобалар туралы айта отырып, соның ішінде қазақстандық тараптың қатысуымен Молдова темір жолдарының стратегиялық учаскесін жаңғыруына тоқталды. Сонымен қатар ол ...

Читать далее »

Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформалар Оңтүстік Африкада талқыланды

Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшілігінде «Қазақстанның саяси және экономикалық дамуы және оның Оңтүстік Африкамен ынтымақтастық перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Осы іс-шараға ОАР дипломаттары, Парламент және жергілікті муниципалитеттің депутаттары, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың, академиялық топтар мен БАҚ-тың өкілдері қатысты. Қазақстан Елшісі Еркін Ахинжанов дөңгелек үстелге қатысушыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылуы, ҚР Парламенті Мәжілісі ...

Читать далее »

Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықта кедендік реттеу мәселелері Литваның Қаржы министрімен талқыланды

Қазақстан Елшісі Тимур Оразаев пен Литва Қаржы министрі Гинтаре Скайсте екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық пен кедендік бақылау саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Т. Оразаев ҚР Үкіметінің санкция мәселелері контекстіндегі қызметі, Литва мен Қазақстан арасындағы сауда ағындарын кедендік реттеуді бақылауға, Еуропадан Азияға транзитті қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіруге қатысты шаралар туралы хабардар етті. Сонымен қатар ол қазақстандық тараптың жүк тасымалы саласындағы ...

Читать далее »

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Саудтық халықаралық стратегиялық әріптестік орталығының (SCISP) президенті Раад әл-Баракатимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара әрекеттестік мәселелерін, оның ішінде сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылады. Р. әл-Баракати қазақ-сауд қатынастарының оң үрдісін атап өтіп, екі елдің қолда бар мүмкіндіктерін жан-жақты зерделеу қажеттігіне тоқтады. Сондай-ақ, ол басым бағыттарды айқындау және нақты ұсыныстар әзірлеу арқылы Орталықтың мемлекетаралық өзара іс-қимылдың барлық салалары бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға жан-жақты жәрдемдесуге дайын ...

Читать далее »

Болгар студенттері қазақ тілін үйренуге шынайы қызығушылық танытуда

Жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету мақсатында Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев Әулие Клемент Охрид атындағы София университетінің классикалық және заманауи филология факультетінің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында шет тілдерді меңгеру және оқыту желісі бойынша өзара тиімді әріптестікті арттыру жөніндегі бастамалар қаралды. Атап айтқанда, сұхбаттастар София университетінің қабырғасында қазақ тілін оқыту тәжірибесін одан әрі ілгерілетуге, сондай-ақ 2018 жылдың қазан ...

Читать далее »

Еуродепутат Қазақстандағы реформаларға өзінің қолдауын білдірді

Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Еуропарламенттегі мүшесі, Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсының тең төрағасы Илхан Күчүкпен кездесті. Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат Еуропарламент мүшесін еліміздің саяси жүйесіндегі соңғы өзгерістермен және ағымдағы жылғы сайлау кезеңінің нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар В. Темірбаев саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-болгар қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ оларды одан әрі тереңдету жоспарлары туралы хабардар ...

Читать далее »

Сауд Арабиясының мемлекеттік ауыл шаруашылығы компаниясымен азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

Қазақстанның Сауд Арабиядағы Елшісі Берік Арын саудтық ауыл және мал шаруашылығы саласындағы «SALIC» инвестициялық компаниясының бас директоры Сулайман Аль-Румейхпен кездесті. Кездесу барсында тараптар ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде агроөнеркәсіптік секторда бірлескен инвестициялық және коммерциялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар қазақстандық дипломат Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша ҚР Үкіметі тарапынан қабылданып ...

Читать далее »

Қазақстан мен Пәкістан жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Пәкістанның университеттері – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Кайд-е-Азам университеті арасында өзара түсіністік туралы шекті келісімге қол қою салтанатты рәсімі ұйымдастырылды. ҚТУ-дың атынан атқарушы директор, профессор Аристотель Исагулов, ал Кайд-е-Азам университетінен проректор, доктор Ниаз Ахмад Ахтар қатысты. Тараптар университеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайту бойынша практикалық қадамдарды имплементациялауға қызығушылық білдірді. Өз тарапынан ...

Читать далее »

22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен Сингапур Президенті келеді

22 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді. Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қатынастар қарқынды дамуда. Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 30 наурызда орнатылды. 2003 ж. қарашада Сингапурда ҚР Дипломатиялық миссиясы ашылып, ...

Читать далее »