Авторские архивы: admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2 КҮН, 2 ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай Халық Республикасының «China Gezhouba Group Overseas Investment Co., Ltd.» компаниясы бас директорының орынбасары Ма Йингинмен кездесті. Кездесуде Түркістан облысында 2 күн және 2 жел электр станцияларын салу мәселесі талқыланды. – Біз сіздердің біздің өңірде жалпы қуаты 1 ГВт-тан астам күн және жел электр станцияларын салу бойынша ниеттеріңізді білдірген болатынсыздар. Ол ұсынысты жан-жақты қарап, зерделеп ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ САПАСЫН ҚАДАҒАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облысында құрылыс нысандарының сапасын және қауіпсіз болуын қадағалау бойынша жұмыстар күшейтіледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланды. Облыстық бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Айдос Исмаиловтың айтуынша, облыс аумағындағы 300 (оның ішінде, бюджеттік – 117, жеке – 183) құрылыс нысанында анықталған заң бұзушылықтар негізінде 472 хаттама толтырылып, 104 млн. теңге айыппұл салынды. Оның бүгінгі күнге ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ШАРДАРАҒА БАРЫП, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН ҮЙРЕНДІ

Түркістан облысында балық шаруашылығы жақсы дамып келеді. Мемлекет тарапынан да қолдау күшейтілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыста балық шаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие мен субсидиялар беру және осы салаға инвесторлар тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы орайда Сауран аудандық шаруалар балық шаруашылығын дамытуды қолға алмақ. Ауданның кәсіпкерлері арнайы Шардара ауданында орналасқан «Хамит» ауыл ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА «ҚОНАЕВ – ҒАСЫР АДАМЫ» АТТЫ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін «Ұлы Дала Елі» орталығында «Қонаев – Ғасыр адамы» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті. Аталған жиын халқымыздың біртуар перзенті, есімі дүние жүзіне мәшһүр болған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың туғанына 112 жыл толуына орай Түркістан қалалық мәдениет үйі мен аталған орталық бірлесе ұйымдастырған. Тағылымды іс-шараға кемеңгер тұлғаны көрген, естіген, білген ардагерлермен бірге, зиялы қауым өкілдері және кітап, теледидар ...

Читать далее »

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ ТҰҚЫМБАҚ АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өзге елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, облыс аумағында заманауи тұқымбақ ашуды тапсырған болатын. Бүгінгі таңда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы орайда, бүгін, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Болысбек Шәріпбеков және орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлерінің қатысуымен мәжіліс өтті. Жиналыста орман шаруашылығы мекемелерінде замануи тұқымбақ ...

Читать далее »

Президент реформасы-жаңашылдықтың бастауы

Президент реформасы –еліміздің саяси өміріне көптеген өзгерістерімен, жаңа бастамаларымен келер күнге үміт ұялатып отырғаны жасырын емес. Әділетті Қазақстан құруға бет бұрған қазақ елінің ендігі ұраны – ашықтық. Уақыт өткен сайын құндылықтар айқындалып, мемлекет дамуы үшін қажеттіліктер айқындала бермек. Сонымен қатар, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш өзінің қызметтік лауазымына келгеннен кейін, бірден елді демократияландыруды қолға алды, билікке халықтың жақындауын басты мақсат етті, ...

Читать далее »

Президент реформасы – дамудың жаңа табалдырығы

Соңғы жылдары елімізде орын алған саяси өзгерістер, нақтырақ айтсақ, Жалпыұлттық референдум, кезектен тыс Президент сайлауы, Парламент Мәжілісі мен жергілікті деңгейдегі мәслихаттар сайлауы «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы нақты қадамдар деп сеніммен айтсақ болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қай реформасы болмасын халық игілігін жақсарту үшін бағытталған. Жалпы, реформалардың басты мақсаты – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартып, әлеуметтік теңдікті орнатуға бағытталған. Қасым-Жомарт ...

Читать далее »

Депутаттар «Turkestan-Arena» мекемесінің жұмысымен танысты

  2024 жылғы 9 қаңтар күні Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бастаған бір топ депутаттар «Turkestan-Arena» стадионының қызметімен танысты.          Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Жолдықараев және «Turkestan-Arena» стадионының директоры Б.Нұрманов депутаттарға мекеменің тыныс-тіршілігін таныстырып, спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісті.          Халық қалаулылары стадионның негізгі бөлігі 7000 орынға арналған футбол алаңын, сонымен қатар спорттық гимнастикаға, акробатикаға, боксқа, ...

Читать далее »

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ АЙҚЫН КӨРІНІС ТАБУДА

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қай реформасы болмасын халық игілігін жақсарту үшін бағытталған. Жалпы, реформалардың басты мақсаты – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартып, әлеуметтік теңдікті орнатуға бағытталған. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа ала отырып, қоғамның қажеттілігіне негізделген еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Әрбір қазақстандықтың көкейінде жүрген мәселелерді шешу жолына арналған ...

Читать далее »

Түркістандық полицейлер жүргізушілерге жаңа жылдық сыйлық таратты

Түркістан облысы аумағында 2024 жылдың 1 қаңтарында трассаларда тұман түсуіне байланысты патрульдік полицейлер ерекше ескертуі бар рейд жүргізді.   Яғни жаңа жылдық сыйлықтарын алып, жүргізушісі әйел және жолаушысы қария мен балалар болған көліктерді тоқтатып, сый-сияпат ұсынды.   Сонымен қатар жол ережесін сақтап, автокөлікті мұқият жүргізуді, жылдамдықты асырмауды ескертті. Айта кетейік Түркістан облысының полицейлері мерекеге байланысты қаңтардың ортасына дейін күшейтілген күн ...

Читать далее »