Авторские архивы: admin

Төле би ауданында астық ору науқаны басталды

Түркістан облысындағы төлебилік шаруалар төрт мың гектарға егілген жаздық бидайды оруды бастады. Жалпы ауданда 14 мың гектар жерге егілген күздік және жаздық бидайдан дихандар егістіктің әр гектарынан 20-25 центнерге дейін өнім алуды жоспарлап отыр. Ал 6 мыңнан астам гектар жерге егілген арпаның өнім түсімділігі 16 центнер болады деп күтілуде. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтардың бірі Кемеқалған  ауылдық округіндегі «Нұрдәулет» ...

Читать далее »

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдері Өзбекстанға экспортталуда

Түркістан облысынан Өзбекстан Республикасына жөнелтілетін ауыл шаруашылығы өнім көлемі артып келеді. Бүгінгі таңда өңірден көрші елге ұн, ет, май өнімдері экспортталуда.  Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. Ағымдағы жылдың 6 айында облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 146,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,4 млрд. ...

Читать далее »

Тамшылатып суғару көлемі артып келеді

Республикадағы салынған жылыжайлардың 77 пайызы, тамшылатып суғару әдісінің 73 пайызы Түркістан облысына  тиесілі. Өңірде жылыжай көлемін арттыру үшін қосымша  86,7 гектар жылыжай салынып, облыстағы жалпы көлемі 1287,7 гектарға жетті. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі жаңадан 6 223 гектар аумаққа ендіріліп, жалпы көлемі 64,2 ...

Читать далее »

Ордабасыда сазан балығы өсірілуде

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының шаруалары сазан балығын өсіре бастады. Ондағы Бөржар ауылдық округі, Жамбыл ауылында жеке кәсіпкер «Сайып ата» шаруа қожалығының төрағасы Амантай Мәулен 6 гектар жерге су айдынын жасап, 2 мың дана сазан балығын суға жіберген. Өз қаржысы арқылы кәсібін бастап отырған азамат болашақта бұл мекеннің үлкен демалыс аймағына айналатынын айтады. Шаруасы жайменен ілгері басып келе жатқан қожалықта ...

Читать далее »

«Жасыл экономикаға» көшіріледі

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың Нобель сыйлығының Лауреаты Рае Квон Чунг мырза және Оңтүстік Кореялық ғалым Ю Дже Чеон мырзамен кездесуі барысында Түркістан қаласының дамуына және қаланың қалдықтарын қайта өңдеу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруға баса назар аудару ұсынылған болатын. Қазіргі таңда «Оңтүстік» АИО алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін «жасыл экономикаға» көшу аясында көшбасшы елдердің тәжірибесі бойынша зерттеулер жүргізіп, өңірдің ...

Читать далее »

300 тонна өнім алуға қауқарлы

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы Ақсукент елдімекенінің іргесінде орналасқан «Баракат» жылыжайы бүгінде шаруасын шалқытып отыр. Аталған жылыжай бүгінде 2 гектардан астам жерге түрік технологиясын ендіре отырып қияр, қызанақ егеді. 6 айдың ішінде 250 -300 тонна өнім алуға қауқарлы. Бүгінде жылыжайда 20 адам екі қолға бір күрек тауып отыр. Алдағы уақытта жұмысшылардың қатарын арттырмақ ниеттері бар. Шаруа қожалығының басшылары Түркияға барып ...

Читать далее »

Даму қарқыны жоғары

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында жылыжай шаруашылығының көлемі жылдан жылға артып келеді. Жыл басынан бері жылыжай аумағы алты гектарға артып отыр. Қайнарбұлақ ауылындағы «Нұр Шатемір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылыжай ашпас бұрын осы салаға қажетті барлық технолгияны терең зерттеп, зерделеген болатын. Соның нәтижесінде жылыжайларына түріктің технологиясымен жарақтандырды. Аталмыш технологияның арқасында бүгінде өнім мол, шығын аз. Сол себепті өнімнің өзіндік құны да ...

Читать далее »

Жаңа технологияның тиімділігі көп

Бүгінде Түркістан облысында жылжыай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Шалғай шеттегі аудандарға дейін қысы жазы балауса өнімді жайқалтып өсіріп отыр. Арыс ауданында жылыжай өсіруді 25 соттықтан бастаған жеке кәсіпкер Р. Кенжебаевтың шаруашылығы бүгінде қарқынды даму үстінде. Кәсіпорын төрағасы 2,5 гектар болатын жылыжай көлемін күз айында 5 гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.  Өткен жылы жылыжайдан 50 тонна қызанақ, 25 тонна қияр жиналған ...

Читать далее »

Жылыжайдан мол өнім

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында кәсіпкерлік саласы қанатын кеңге жайып келеді. Жылыжай шаруашылығын игеріп отырғандар жетерлік. Ордабасылық жеке кәсіпкер Б.Қалметов фермерлік жылыжайын іске қосып, жұмысын ілгері жылжытып отырғанына біраз уақыт болды. Қол астындағы жылыжайына қияр мен қызанақ өсіруді қолға алды. Өз қаражаты есебінен жүзеге асқан бұл жобаның инвестициялық құны 30 млн. теңгені құраған. 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. » Отбасымызбен осы ...

Читать далее »

Өңдеу технологиясы қолданылады

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы «КелесПласт» ЖШС –і бүгінгі заманға сай өнім өндіріп отыр. Соңғы шыққан өңдеу технологияларының көмегімен пайдаланылған материалдардан жасалған жіптер мен полиэтиленді жабындарды өндіріп отыр.  Өндіріске қажетті шикізат шаруашылық субъектілерінен сатып алынады, ал дайын өнімдер ауыл шаруашылығының әр түрлі салаларында қолданылады және ішкі нарық қажеттіліктерінің 100 пайыз  қамтиды. Бұдан өзге, қалдықтар мен полиэтиленді қайта өңдеу ауданның экологиясына оң ...

Читать далее »