Руханият

Орта Азиядағы ең ежелгі қалалардың бірі

Өзбекстан қалаларының қайсысын алып қарасаңыз да айырықша бір үйлесім, үндестік бар сынды. Ол ең алдымен тарихи мұраға байлығы. Екіншіден жасыл желекке көмкерілген көрікті жерлерінің көптігі. Тіпті қалалар арасында пойызбен қатынағанда да шалғай шеттегі ауылдарының атырабына дейін жасыл желекке малынып тұр. Шілде айының ортасынан ауса да, сарғайған шөп көрмейсің. Үй аулалары жеміс ағаштарынан көрінбейді, ал шаруашылықтары тамшылатып суғаруды тиімді пайдаланып, табиғатын ...

Читать далее »

Еліміздегі ақпараттық салада еңбек етіп жүрген бір топ журналист өзбек елін аралап қайтты

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасының туризм және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан жобаның мақсаты — қос ел арасындағы тарихи-мәдени байланыстарды насихаттау, туризм саласының әлеуетін таныту, Түркі елдері арасындағы достық, ынтымақтастық қарым-қатысты ақпараттандыру. Бір аптаға жоспарланған сапарға әсіресе, аймақтардың журналистері көптеп қамтылды. Алғашқы екі күнде Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласына арнаған журналистер әсемдігі көз тартар сұлу да көрікті қаланың 30 жылда ...

Читать далее »

2 ғасырға дейін сақталатын Самарқанның жібек қағазы

Сұлу шаһар Самарқанның шырайына сүйсінбеу мүмкін емес. Қаланың әр тарабынан көкке мойнын созған күмбездері көз сүйсінтеді. Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігі серіктестігінде ұйымдастырылған пресс — тур Самарқанның көрікті жерлерін аралаумен жалғасты. Самарқан облысының Окбуйро махалласы аумағында орналасқан «Konigil» туристік этноауылы ғасырдан ғасырға тіні үзілмей келе жатқан көне дәстүрлерді тірілтуші орталық деуге болады. Сиёб өзенінің бойында орналасқан этноауыл ...

Читать далее »

Көк тіреген күмбездері көз сүйсінткен – Самарқан

Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігімен біріге отырып, Ташкент-Самарқан-Бұқара қалаларына арналған пресс-турының үшінші күні Самарқан қаласына табан тіредік. Тасын түртсең тарихы сөйлейтін киелі шаһарда туристерді тамсандырарлықтай ғажайып орындар молынан екен. Ақындар мөлдіретіп жыр арнаған, сазгерлер сырнайынан саз төгілткен сұлу шаһар расында көз тойдырарлықтай. Әмір Темірдің қолтаңбасы қалған әсем қалаға сүйсінбеу мүмкін емес. Көк күмбездерін күнге сүйдіріп, алыстан менмұндалап ...

Читать далее »

Тарихы бай – Ташкент…

Тарихқа бай, құнды жәдігерлердің отаны саналатын Ташкентті қанша күн араласаң да тауысып біте алмайтындайсың. Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігі серіктестігінде ұйымдастырылған пресс — турдың екінші күні ғасырдан ғасырға мұрты бұзылмай жеткен көне мұралардан бөлек, заманауи кешендерді аралау бақыты бұйырды. «Навруз» этносаябағы Қаланың қақ ортасында орналасқан «Навруз» этносаябағы Өзбекстанның мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері тоғысқан тарихи – мәдени орталық ...

Читать далее »

Ташкент сапарынан түйген ой…

Қазақ журналистерінің білім, білігін дамытып, ел көріп, жер көріп, таным көкжиегін кеңейтуіне барынша жағдай жасап жүрген Түркітілдес журналистер қорының кезекті жобасы Өзбекстан елінде жалғасты.   Көршілес елдің туризм бағытында атқарып жатқан толымды жұмыстарымен танысып, жаңашыл бағыттарына қанықтық.   Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігі серіктестігінде, отандық БАҚ өкілдеріне арнап шілде айына жоспарлаған Ташкент-Самарқан-Бұқара жобасы жайлы жолжазбамызды бастаймыз. Ташкент ...

Читать далее »

Шымкент әкімі журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар журналистерді марапаттады. Жиында БАҚ саласында адал еңбек етіп жүрген барша азаматтарға алғыс айтып, ізгі тілегін жолдады. «Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастырушы ғана емес, қоғамдық сананы қалыптастырушы сала. Сіздер ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қасиетті қалам сертін адал атқарып келесіздер. Мемлекет пен ...

Читать далее »

«БАЛА ШАҚТАН — БОЛАШАҚҚА»: БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

⠀ Түркістан Оқушылар сарайы және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Бала шақтан – болашаққа» атты балалар әдебиеті фестивалі өтті.⠀ Бұл фестивальге Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшы орынбасары Ардақ Мәдіханқызы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Амангелдіқызы, Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы және балаларға арналған кітаптардың авторлары мен бүлдіршіндер қатысты.⠀   ⠀Фестивальдің ашылу салтанатында сөз алған ХҚТУ-нің ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЕСКІ ҚАЛАШЫҚ АУМАҒЫНДА SHYMQALA ЭТНОАУЫЛЫ АШЫЛДЫ

  1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде үшінші мегаполисте «ShymQala» этноауылы ашылды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы аясындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиналған көпшілік алдымен Тәуелсіздік саябағында көшеттер екті. Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы құрметіне 70 көшет отырғызылды. Бұдан кейін көпшілік этноауылдың ашылуына қатысты. ...

Читать далее »

«ULTTYQ TÁRBIE» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

  Бүгін «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басшылығы мен жетекші мамандары өңірлік жобалық кеңсе қызметкерлеріне «Ұлттық тәрбие» жобаларының бейнетаныстырылымын өткізді. Бағдарлама аясында «Ulttyq tárbıe» идеологиялық платформасы» жобасы негізінде ұлттық салт-дәстүрлер мен әдетғұрыптарды жастар арасында кеңінен насихаттауға бағытталған бірнеше жобалар таныстырылды. Мақсаты — ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жастар арасында кеңінен насихаттау. Тәрбиелік маңызы бар сыныптан тыс іс-шаралар сценарилері балабақшадағы ...

Читать далее »