Түрік елінің қай қаласын алып қарасаңыз да тарихқа тұнып тұр. Әрі түрік ағайындар кіп-кішкене дүние болса да соны дабырайтып, «бұл біздің – тарих» деп мақтанышпен айтады. Қаншама ғасырларға созылған соғыс та түрік тарихын байыта түскені анық. Әр шайқастан қалған із әр қалада бір-бір тарих парағы болып таңбаланып тұр. Әрі түріктердің ата-баба ерлігіне деген құрметі де ерек. Алдағы ғасырларға сол қалпы ...
Читать далее »Руханият
ЮНЕСКО-ның тізіміне енген ауыл
Түркияға баруға ынтық қылатын басты қару түрік сериалдары десек артық айтқандық бола қоймас. Көздің жауын алар әсем табиғаты, шағалалары шаңқылдаған көгілдір теңіздері, көкке оранған алып таулары, архитектуралық пішінімен тамсандыратын ғажап ғимараттар… Мұның бәрі де түріктің атақты сериалдарында көрініс тапқан. Ғажайып мекенді бір көруге ынтықтырады осылайша. Астында бір тіреуі жоқ алып көпірді көру де көпшілік үшін арман… 2006 жылы елімізде түріктің ...
Читать далее »Түркиядағы «Қауіпсіз туризм» бағдарламасы: Вакцинация бағдарламасы туризм қызметкерлеріне қауіпсіз
Түркияда «Қауіпсіз туризм» бағдарламасы аясында Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Түркия туризмін насихаттау және дамыту агенттігінің (TGA) үйлестіруімен туризм секторының қызметкерлерін вакцинациялау жүйесі жүзеге асырылуда. Барлық туризм индустриясының қызметкерлерін вакцинациялау 2021 жазғы туризм маусымы басталғанға дейін аяқталады. Вакцинация бағдарламасы авиакомпанияларды, әуежайларды, орналастыру мекемелерін, туристік агенттіктердің қызметкерлерін, сондай-ақ, кәсіби гидтерді қамтиды. Бағдарлама алдағы жазғы маусымда шетелдік саяхатшыларды ...
Читать далее »Ясауи кесенесі 200-ге жуық шаммен жарықтандырылады
Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағында Қожа Ахмет Ясауи, Рабия Сұлтан Бегім, Есімхан мазарлары мен сегіз бұрышты кесене, бұрынғы казарма ғимараты мен бекініс қабырғасы орналасқан. Кесенені жарықтандырудың бірегей жобасын жүзеге асыру кезінде ескерткіштің даралығын, тұтастығы мен шынайылығын, оның діни және тарихи құндылығын, әрбір бөлшегін сақтау талап етілді. Жақын уақытта туристер үшін ерекше тартымды нысандардың бүкіләлемдік тізіміне ...
Читать далее »Тарихы терең Топкапы сарайы
Тасын түртсең тарихтан сыр шертетін Түрік елінде көне замандардан жеткен жауһарлар жетерлік. Стамбул тарихи орындар мен қорғанға толы, ежелгі заман мен ислам мәдениетінің түйіскен бесігі. Әсіресе асыл жәдігерлер орталығы Стамбулда шеттен келгендер табан тірегісі келетін тарихи орындар мыңдап саналады. Солардың бірі – Топкапы сарайы. Топқапы қамалы алтын мүйіс және Мәрмәр теңізі қиылысқан жерде ХV — ХІХ ғасырларда Осман империясының билігі ...
Читать далее »Стамбул сапарынан бір үзік сыр…
Сырлы да сұлу Стамбул… Арман қала… Ертегі әлем… Сұлулығымен ерекше еліктіретін ғажайып қала туралы таңнан таңға ұрып таусылмайтын дастан айтуға болар. Ақынның жырында, суретшінің қылқамында өрілген керемет өлкені көзбен көру де бір бақыт… Ғажап қалаға ойда-жоқта табан тіредік. Түркітілдес журналистер қорының төрайымы Нәзия Жоямергенқызының ұйытқы болуымен Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз туризмді сертификаттау» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан және Қырғызстан ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА «ҮЗДІК ОПЕРА ӘНШІСІ» ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ
ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы тағы да топ жарды. Бұл жолы Мәскеу үлкен театрында өткен «Браво» халықаралық байқауында кәсіби музыка номинациясы бойынша «Үздік опера әншісі» жүлдесін жеңіп алды. Биыл қаңтар айында Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық Опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалған болатын. «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік ...
Читать далее »Түркия «қауіпсіз туризм» үшін…
Туризм арқылы қазына қазанын қомпайтып отырған Түркия үшін елге ағылған әрбір турист маңызды. «Тарының қауызына сыйдырғандай» тәждітажал былтырдан бері біраз елді әбіржіткені белгілі. Дегенмен тасын түртсең тарихтан сыр шертетін, теңізі шалқыған, сұлу табиғатымен тамсандыратын Түркияға туристер легі әлі де толастамақ емес. Экономиканың негізгі драйвері саналатын туризм Түркия үшін аса маңызды салалардың бірі. Сондықтан да осы салаға көптеп көңіл бөлінеді. Жуырда ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІК ӨРТ СӨНДІРУШІ АНИМАЦИЯЛЫҚ МУЛЬТФИЛЬМ ШЫҒАРУДА
Қазіргі заманда өмірге қауіп төндіретін жағдайға тап болу өте жиі кездеседі. Олардың ішінде балалардың балалығымен өрттің шығуы жиі орын алып жатады. Сондықтан балаға өз іс-әрекеттерін түсіне бастаған шақта өрт қауіпсіздігі жайында және жану жағдайы кезінде өзін ұстау ережелерін үйреткен жөн. Осындай жағдайлардың орын алмауы үшін Шымкент қалалық ТЖД Қаратау аудандық бөлімінің басшысы Е.Тасқараев балаларға арнап анимациялық мультфильм шығаруды қолға ...
Читать далее »Түркістанның ең үлкен кітапханасы ашылады
Түркістан қаласындағы облыстық ғылыми — әмбебап кітапханасы есігін айқара ашуға дайын. 400 орындық оқу залы бар, заманауи технологиялармен жабдықталған білім ошағында 250 мыңнан астам оқулық қоры жинақталып, үнемі жаңартылып тұрады. Шаһардағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты басшыларға құрылысты ширатуды тапсырды. Өңір басшысы әуежай аумағындағы көгалдандыру барысымен танысты. Сонымен қатар Өмірзақ Шөкеев мәдени — рухани орталықтағы жаңа құрылыс ...
Читать далее »