Руханият

Елордада қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы басталды

2021 жылдың 5-ші қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында QAZFORUM қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V Форумы өтеді. Форумның тақырыбы «Қазақ интернеті: бүгіні мен болашағы» аясында қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтерін талқылау жоспарланып отыр. Қазақ тілінде ұсынылатын контенттің ең өзекті мәселелерін сарапшылар мен журналистер, блогерлер мен бейне-контент жасаушылар талқылайды. QAZFORUM бастамашысы және идеялық қолдаушысы – АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі, ұйымдастырушы – «Business Event&Rent» агенттігі. Биыл ...

Читать далее »

VI ТҮРІК КИНОСЫ АПТАЛЫҒЫ

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің Кинематография департаментінің салымдары жане Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен «Йерли Дүшүнже» ассоциациясы ұйымдастырған 6-шы Түрік киносы апталығының Алматыіс-шарасы 2021 жылдың 27–31 қазанында Қазақстанның Алматы қаласында өтеді. 2021 жылдың 27 қазанында кино және баспасөз қауымдастықтарының көптеген өкілдерінің қатысуымен 6-шы Түрік киносы апталығы-Алматы іс-шарасының ашылу салтанаты Алматыда «Арман» кинотеатрында Мехмет Ада Өзтекин киноға түсірген «7-ші Камерадағы керемет» фильмінің көрсетілуімен жүзеге асады. Кинематографияның күшіне негізделген Қазақстан мен Түркия арасында тағы бір көпір салуды мақсат еткен Түрік фильмдерінің апталығында кәсіби режиссерлердің ...

Читать далее »

“QazForum-2021” басталды

Нұр-Сұлтанда “QazForum-2021” қазақ тілінде онлайн–контент жасаушылардың V форумы өтеді. 2021 жылы 5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Медиа кеңестіктің жаңа келбеті» қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы өтеді. Форумға жыл сайын қазақтілді БАҚ саласындағы ең үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары жиналып, жергілікті және шетелдік спикерлермен кәсіби тәжірибе алмасады, сондай-ақ бейресми кездесулер өткізеді. Биыл Форум аясында «Соңғы 30 жылдықтағы ...

Читать далее »

Ботир Шахриёров: « Бұхараның Орталық Азия бойынша туристік потенциалы өте жоғары»

Түркітілдес журналистер қорының отандық БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырған Ташкент-Самарқан-Бұхара сапары барысында Бұхара облысы әкімінің орынбасарымен сұхбаттасудың сәті түсті. Қарапайым, өз ісінің нағыз білгірі екендігі байқалып тұр. Бұхараның арғы бергі тарихынан бастап, бүгінгі даму жолына дейін баяндап өтті. Алдағы жоспарларымен де бөлісті. Бұхара облысы әкімінің орынбасары Ботир Шахриёров «Қазақстандық білікті журналистердің келгеніне, бірлесе жұмыс жасайтынымызға қуаныштымыз» деп бастады әңгімесін. «Бұхараға туристер ...

Читать далее »

Бұхарадағы ескі шаһар…

Бұхарадағы ескі шаһар аумағын нағыз көненің көзі деуге болады. Мұнда «Калон» архитектуралық мешіті мен Мір Араб медресесі, «Калон» мұнарасы орналасқан. Биіктігі 48 метрлік мұнара алыстан менмұндалайды. Пой Калон яғни, ұлы кешен деп аталады. Алып кешен 1127 жылы тұрғызылыпты. Қараханидтер әулетінен шыққан Арслан ханның бұйрығымен бой көтерген көрінеді. Со заманда Бұхар әмірі «ең үлкен кешен саламыз, кімде кім осыны тұрғызса қап-қап ...

Читать далее »

Орта Азиядағы ең ежелгі қалалардың бірі

Өзбекстан қалаларының қайсысын алып қарасаңыз да айырықша бір үйлесім, үндестік бар сынды. Ол ең алдымен тарихи мұраға байлығы. Екіншіден жасыл желекке көмкерілген көрікті жерлерінің көптігі. Тіпті қалалар арасында пойызбен қатынағанда да шалғай шеттегі ауылдарының атырабына дейін жасыл желекке малынып тұр. Шілде айының ортасынан ауса да, сарғайған шөп көрмейсің. Үй аулалары жеміс ағаштарынан көрінбейді, ал шаруашылықтары тамшылатып суғаруды тиімді пайдаланып, табиғатын ...

Читать далее »

Еліміздегі ақпараттық салада еңбек етіп жүрген бір топ журналист өзбек елін аралап қайтты

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасының туризм және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан жобаның мақсаты — қос ел арасындағы тарихи-мәдени байланыстарды насихаттау, туризм саласының әлеуетін таныту, Түркі елдері арасындағы достық, ынтымақтастық қарым-қатысты ақпараттандыру. Бір аптаға жоспарланған сапарға әсіресе, аймақтардың журналистері көптеп қамтылды. Алғашқы екі күнде Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласына арнаған журналистер әсемдігі көз тартар сұлу да көрікті қаланың 30 жылда ...

Читать далее »

2 ғасырға дейін сақталатын Самарқанның жібек қағазы

Сұлу шаһар Самарқанның шырайына сүйсінбеу мүмкін емес. Қаланың әр тарабынан көкке мойнын созған күмбездері көз сүйсінтеді. Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігі серіктестігінде ұйымдастырылған пресс — тур Самарқанның көрікті жерлерін аралаумен жалғасты. Самарқан облысының Окбуйро махалласы аумағында орналасқан «Konigil» туристік этноауылы ғасырдан ғасырға тіні үзілмей келе жатқан көне дәстүрлерді тірілтуші орталық деуге болады. Сиёб өзенінің бойында орналасқан этноауыл ...

Читать далее »

Көк тіреген күмбездері көз сүйсінткен – Самарқан

Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігімен біріге отырып, Ташкент-Самарқан-Бұқара қалаларына арналған пресс-турының үшінші күні Самарқан қаласына табан тіредік. Тасын түртсең тарихы сөйлейтін киелі шаһарда туристерді тамсандырарлықтай ғажайып орындар молынан екен. Ақындар мөлдіретіп жыр арнаған, сазгерлер сырнайынан саз төгілткен сұлу шаһар расында көз тойдырарлықтай. Әмір Темірдің қолтаңбасы қалған әсем қалаға сүйсінбеу мүмкін емес. Көк күмбездерін күнге сүйдіріп, алыстан менмұндалап ...

Читать далее »

Тарихы бай – Ташкент…

Тарихқа бай, құнды жәдігерлердің отаны саналатын Ташкентті қанша күн араласаң да тауысып біте алмайтындайсың. Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігі серіктестігінде ұйымдастырылған пресс — турдың екінші күні ғасырдан ғасырға мұрты бұзылмай жеткен көне мұралардан бөлек, заманауи кешендерді аралау бақыты бұйырды. «Навруз» этносаябағы Қаланың қақ ортасында орналасқан «Навруз» этносаябағы Өзбекстанның мәдениеті мен ұлттық дәстүрлері тоғысқан тарихи – мәдени орталық ...

Читать далее »