Экономика

Түркістан облысының оқушысы «Ақылды ферма» жобасын жасады

Түркістан облысы Төлеби ауданы № 6 мектебінің 6 сынып оқушысы Елдос Елудің «ақылды» ферма жасап шығарды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Елдостың макет күйіндегі «ақылды» фермасында жұмыс процесі автоматтандырылған. Бұл фермадағы жұмысты қашықтан басқаруға, фермердің жұмысын жеңілдету арқылы оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік бар. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін оқушыға информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Шахаманова қолдау көрсетті. Елдос «Ақылды» ферманың ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРОФОРУМДА 257 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Түркістанда өтіп жатқан «KazAgro/KazFood Turkistan 2023» көрме-жәрмеңкесі аясында «AgroForum Turkistan 2023» халықаралық форумы өтіп жатыр. Форумға еліміздің ірі инвесторлары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері және әлеуетті кәсіпкерлер қатысуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде ауыл шаруашылығын дамыту бағытында ірі жобалар жүзеге асатынын мәлімдеді. Форумның маңызды екеніне тоқталды. – Сіздерді бірінші кезекте жыл бастауы Ұлыстың Ұлы күні ...

Читать далее »

AM Best халықаралық рейтингтік агенттігі «Халық-Life» АҚ қаржылық тұрақтылық рейтингін және ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін көтерді

2023 жылғы 17 наурыз, Алматы қ. – AM Best агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2023 жылғы 16 наурыздағы ресми мәлімдесінде «Халық-Life» АҚ (бұдан әрі-Компания) қаржылық тұрақтылық рейтингін «B+» – ден «B++» – ге дейін, сондай-ақ эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «bbb –» – ден  «bbb» – ге дейін көтерді. Рейтингтер бойынша болжам «Тұрақты». Компанияның ұзақ мерзімді рейтингтері рейтингтердің халықаралық классификаторы ...

Читать далее »

Шымкент өнімдері «Агротех Катар-2023» халықаралық көрмесінде сатылуда

Жергілікті агрокәсіпорын өнімдері Доха қаласында өтіп жатқан «Агротех Катар-2023» халықаралық көрмесіне қойылды. Наурыздың 19-на дейін жалғасатын халықаралық шараға әлемнің 52 елінен делегациялар шақырылған.   Шымкент тауарларына арнайы бөлінген «Ontustik onim» павильонында ет, сүт, ұн өнімдерімен қатар, сусындар, консервілер, көкөністер мен жеміс-жидектер саудалануда. Шетелдіктер әсіресе, бал, джем, сыр өнімдеріне қызығушылық танытып, жаппай сатып алуда.   Шымкенттік делегация шет мемлекеттермен әріптестік байланысты ...

Читать далее »

ТӨЛЕБИЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ КИІМДЕР ШЕБЕРХАНАСЫН АШҚАН

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен Наурыз мерекесін ерекше дәстүрмен атап өту мақсатында аптаның дүйсенбі күнінен бастап Төлеби ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері жұмыс орнына ұлттық нақыштағы киім үлгісімен келуді қолға алды. Ауданда ұлттық киімді насихаттау бағытындағы бұл үрдісті жалғастыру қолға алу көзделуде. Ұлттық құндылығымызды дәріптеуге аудандық кәсіпкерлер де өз үлестерін қосып жатыр. Қала тұрғыны Бекмұратова Гүлнәр былтыр жұмыссыз ретінде Төлеби ...

Читать далее »

Шаруаларға берілетін дизельдің бағасы белгілі болды

Көктемгі егін жұмыстарын жүргізуге өңірлерге 413 мың тонна дизель отыны бөлінген, бұл өткен жылғыдан 13 мың тоннаға көп. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтып берді. «Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесі мен мұнай өңдеу зауыттары ақпан айына белгіленген баға – тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңге болып бекітілді», — деді Әбілхайыр Тамабек ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨСІРІЛГЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТАРҒА СҰРАНЫС КӨП

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жылыжайда өнім өндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Төрт мезгіл бойы өнімдерді еліміздің түкпір-түкпіріне жеткізумен айналысатындықтан ауданды «жылыжайлар мекені» деп те атап кеткен. Жері құнарлы, климаты қолайлы ауданның еңбекқор шаруалары жыл он екі ай өнім алу үшін жылыжай кәсібін дамытып келеді.   Бүгінде гүл шаруашылығымен айналысатын шаруалар қызғалдақ, раушан, лалагүлдерін арнайы наурыз мерекесі қарсаңында баптап, саудаға шығаруда. Тек ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР

  Бұл туралы брифингте Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев хабарлады. Басқарма басшысының айтуынша, 2021-2030 жылдарға арналған «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітілген. Бағдарламаға сәйкес, 2030 жылға дейін, тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланған. 2022 жылы 6199,85 тонна тауарлы балық өндіріліп, жоспар 101,4 пайызға орындалған. Осы ретте облыс әкімінің тапсырмасын іске ...

Читать далее »

ҚАЗЫҒҰРТТА ТАБИҒИ ТЫҢАЙТҚЫШ ӨНДІРУ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Қазығұрт ауданында шылаушын құртын өсіріп, құнарлы тыңайтыш өндіретіндер кеңінен етек жайып келеді. Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінің тұрғындары жеке тұрғын үйінің ауласында калифорниялық (шылаушын) жер тыңайтуға арналған қызылқұрт өсіріп жатыр. Бұл кәсіптің тиімділігі — калифорниялық шылаушындар малдың көңін «жеу» арқылы құнарлы қара топыраққа айналдырады. Дайын болған биогумусты алқапты егіншілікте, жылылайларда пайдаланған өте қолайлы. Құнарлы топырақ тамырлы көкөніс өсіруде өнімді ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР «ШАРДАРА» СУ ҚОЙМАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ КӨТЕРДІ

Сырдария өзенінің жоғарғы ағысының артуынан «Шардара» су қоймасына тасталған су мөлшері көбеюде. Соңғы күндері су қоймасына орташа есеппен 1500 м3/сек не тәулігіне 42 млн. м3 су келіп, су қойманың төменгі ағысына 1011 м3/сек су босатылуда. Бұл су қоймасының мерзімінен бұрын толуына әкеп соғып, көктемгі тасқын су апаттық жағдайдың болу тәуекелділігін арттырады. Су шаруашылығы саласының мамандары стратегиялық маңызы бар «Шардара» су ...

Читать далее »