Экономика

ТҮРКІСТАНДА ЖИҺАЗ ШЫҒАРУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы бірнеше кәсіпкерлік нысандарында болып, жұмысымен танысты. Кәсіпкерлермен жеке-жеке сөйлесіп, өндіріс көлемін ұлғайту, жұмыс орындарын көбейту, шетелдік нарыққа шығу жөніндегі жоспарларын, өтініштерін тыңдады. Қандай қолдау қажет екенін сұрап, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді. Бүгінде Түркістандағы «ASIA BREND» жиһаз компаниясы жылына 22000 дана жиһаз шығаруға қауқарлы. Жылдық қаржылық айналымы – 1,1 млрд. теңге. Кәсіпорында 150 адам жұмыспен қамтылған. Заманауи ...

Читать далее »

АСТАНАДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТІП ЖАТЫР

Астана қаласында Түркістан облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтіп жатыр. Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бастаған делегация қатысуда. Жыл сайынғы дәстүрге айналған жәрмеңкеге биыл 550 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт, балық, құс өнімі және жергілікті қайта өңдеу өнімдері жеткізіліп, нарық бағасынан 15-20 пайызға төменгі бағада тұтынушыларға ұсынылып жатыр. Жәрмеңке аясында Түркістан облысы ...

Читать далее »

Д.САТЫБАЛДЫ: «ШАРДАРАДАҒЫ ЗАУЫТ ЖҮГЕРІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН»

Түркістан облысының оңтүстік аумақтарында мақтадан бөлек жүгері егуге бет бұру көзделген. Маусым айында құрылысы басталған жүгері өңдеу зауыты биыл күзде шаруалардан жүгері қабылдауға дайын. «Казкрахмал» компаниясы Шардарада салып жатқан жүгері өңдеу зауытыны жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдейді. Жобаның құны – 31 млрд. теңге, онда 550 жұмыс орны ашылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданының тұрғындарымен кездесуінде ...

Читать далее »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШАРДАРАДА СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы Шардара су қоймасындағы су деңгейі төмендеп барады. Өзекті мәселе туралы облыс әкімдігі стратегиялық нысанға жауапты Су ресурстары комитеті мен Экология және табиғи ресурстар министрлігін дер кезінде хабардар еткен. Шардара су қоймасының сыйымдылығы 5 млрд 200 млн текше метр болса, қазіргі судың көлемі бес есе аз. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты сала басшыларымен су айдынының бүгінгі жағдайымен танысты. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ 4 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында 2023-2025 жылдары аралығында жалпы құны 51 млрд. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылады деп күтілуде. Инвестициялық жобалардың қатарында 5 филиалдан тұратын «Нұрболат» өндірістік кооперативі де бар. Бүгінде құны 3 млрд. теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аталған өндіріс ошағының филиалдары Абай ауылына қарасты Біртілек, Ошақты және Ұшқын ауылдық ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ «АУЫЛ АМАНАТЫНАН» ТАБЫС ТАБА БАСТАДЫ

«Ауыл аманаты» жобасы Түркістан облысында өзінің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін көрсете бастады. Ауыл тұрғындары өз кәсібін ашып не дамытуды қолға алған. Тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, табысын молайтуға негізделген «Ауыл аманаты» жобасы аясында Түркістан облысында 3 220 жоба қаржыландырылады. 3500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. АЕК алатындар саны азайып, тұрғындардың күнкөріс деңгейі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарлануда. «Ауыл аманаты» бағдарламасы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗ БОЙЫНША АЛҒАШ РЕТ БАНАН ӨСІРІЛЕ БАСТАДЫ

Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастайды. Бұл Қазақстанда алғаш рет өсіріліп отыр. Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы Сайрам ауданында банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салған. Мұнда Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсіріледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша жылыжай жақын арада тағы 5 гектарға кеңейтіледі, бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді ...

Читать далее »

Д.САТЫБАЛДЫ: “АУЫЛДАРДЫ ӨРКЕНДЕТУГЕ КҮШ САЛАМЫЗ”

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті. Жаңа форматта өтіп жатқан есептік кездесудің басым бөлігі тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беруге арналды. Осыған дейінгі кездесуде берген уәделердің қаншалықты орындалғанын халық алдында баяндады. Мәселені қалай шешу керектігін, жолдары мен жүйесін жақсылап түсіндірді. Одан кейін тұрғындардың жекелеген сұрақтарына жауап берді. — Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты ...

Читать далее »

АРЫС — ТАБЫСТЫ ЖОБАЛАР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАР ҮШІН ТАРТЫМДЫ ҚАЛАҒА АЙНАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде өңірде жүзеге асып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Өңір басшысы Арыс қаласында инвестиция тарту бағытында атқарылған ілкімді тірліктерге тоқталды. — Бүгін ел экономикасының дамуында үлесі ерекше, Орта Азия қақпасы атанған Арыс қаласына өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Тоғыз жолдың торабында орналасқан теміржолшылардың қаласы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ТІГІН ФАБРИКАСЫ АШЫЛДЫ

  Сайрам ауданының Қарабұлақ елді мекенінде «RaiINTEX» компаниясының тігін филиалы іске қосылды. Кәсіпорын жылына 120 000 арнайы форма (ІІМ) тігуге қауқарлы. Жобаға жұмсалған жалпы инвестиция көлемі 80 млн. теңгені құрайды. Түркістан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен Сайрам ауданының әкімдігінің өкілдері өндіріс орнында болып, кәсіпорынның ресми ашылуына қатысты. Аталған инвестициялық жоба барысында 110 жаңа жұмыс орны пайда болады. Қазіргі уақытта ...

Читать далее »