Түркістан облысындағы Сайрам ауданы өндіріс өрлеген, шаруасы шалқыған аудан. Өйткені ауданның халқы еңбекқор, жазда кетпенін күнге сүйдіріп, ала жаздай еңбек етіп нәпақа табады. Одан бөлек ірі өндіріс орындары да аз емес. Алдағы уақытта пайдалануға беріледі деп жоспарланып отырған жобалар да жоқ емес. Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында орналасқан «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бүгінде құрылыс жұмыстары жүргізілдуе. Жалпы аумағы 5 гектарды құрайтын ...
Читать далее »Экономика
Жанданған жоба, жаңарған өлке
Бүгінде Түркістан облысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Тек облыс орталығында ғана емес аудан орталықтарында да индустриялық аймақтар толымды тірліктер атқаруда. Созақ ауданының индустриялды аймағында іске қосылған жобаның бірі «Сырлы Созақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің полимерлік қалдықтарды қайта өңдейтін және төменгі қысымды құбырлар шығаратын зауыты. Құны 222,9 миллион теңге болатын жобаның жылдық қуаттылығы 1 мың тонна. Өнімдерін уран ...
Читать далее »Өтімді өнім – өндіріс өрлеуі
Бүгінде дамудың даңғыл жолына түскен Түркістан облысының өндіріс өркендеп, тасы өрге домалап келеді. Облыста индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде қолға алынған жобалардың қатары тіптен көп. Солардың бірі Отырар ауданында «Азия агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде өндірісі өрге жүзіп келеді. Жүгері өңдейтін зауытың жұмысы қарқын алған. Жылына 5 мың тонна жүгеріні өңдеуге қауқарлы жобаның құны 619 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорын құс фермаларын ...
Читать далее »Тұтынушылары толастамаған
Түркістан облысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде құны 9,4 миллиард теңгені құрайтын 13 жоба іске қосылды. Атап айтқанда «Рахат Шымкент» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіні вафельді түтікшелер өндірісін ұйымдастыру жобасын іске қосқан болатын. Тәтті нарығында ойып тұрып орын алатын кәсіпорынның бүгінде асығы алшысынан түсіп тұр. Өніміне сұраныс жоғары. Жоба құны 850 миллион теңге болатын кәсіпорын жылына 1700 тонна өнім өндіреді. Заманауи оңтүстіккореялық технологиялар ...
Читать далее »Жоспарланған жобалар молынан
Түркістан облысында ҚР индустриалды- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аудандарда индустриалды аймақтарды көптеп ашу қарастырылуда. Түркістан облысына қарасты Мақтарал ауданында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Мақтарал индустриялдық аймағында жүзеге асып жатқан жобалар көп және жоспарланған жобалар да молынан. Мәселен, Мақтарал ауданында 2015 жылы іске қосылған «Береке» мақта зауыты бүгінгі күні қарқынды жұмысы атқарып келеді. Аудандағы индустриалды ...
Читать далее »Кәсіпкерлер үшін тиімді болмақ
Бүгінде Түркістан облысына қарасты барлық аудандарда индустриалды аймақ құру мәселесі шешімін тауып келеді. Аудандардан жырақта жатқан ауылдарда да индустриалды аймақ құру жоспарда бар. Сарыағаш ауданына қарасты Жылға ауылдық округі аумағында орналасқан индустриялдық аймақтың жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген болатын. Алайда, ауыз су мәселесі шешілмегендіктен инфрақұралым жүйелері құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлінбеген. Дегенмен жақын аралықта бұл мәселе шешімін тауып қалады ...
Читать далее »Қоқыстан өнім өндіретін зауыт ашылады
Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында еліміздегі тұңғыш полиэтилентерефталат қалдығынан талшық өндіретін зауыт іске қосылмақ. Құны 20 млн. теңге болатын жоба өңірдің тек әлеуметтік-экономикалық дамуына ғана емес, экологиялық тазаруына да едәуір ықпал етпек. Тың өндіріс басында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев болып қайтты. Қажетсіз дүниелер, қатты қалдықтар енді сұраусыз емес. Кәдеге жарайды. «Green Technology Industries» компаниясы олардан енді синтетикалық талшықтар өндірмек. 2016 ...
Читать далее »Кәсіпкерлікті қолдаудың арқасында
Түркістан облысында ҚР индустриалды- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асыру барысында аудандарда да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жалпы өткен жылы Сарыағаш ауданында «Индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 470,0 миллион теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба кәсіпкерлік қолдау картасына енгізілген болатын. Олар «ТМстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бірлік ауылдық округіндегі аумағынан жалпы құны 250,0 миллион теңгені құрайтын пресс жіп шығару ...
Читать далее »Экономикалық аймақ қанатын кеңге жаймақ
Жалпы Түркістан облысында жылдың соңына дейін 34,7 миллиард теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылады. Бүгінгі таңда іске қосылған жобалардың 94 пайызы жоспарлық қуаттылықты игеріп, 71 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 21 пайызға жеткен. Бұдан бөлек, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция соммасы 34,3 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылған. Яғни бұл кәсіпорындармен 22,7 миллиард теңгеге өнім өндірілсе, өндірілген ...
Читать далее »Бюджет түсімі артты
Түркістан облысының Ордабасы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы жарты жылдың қорытындысы бойынша айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Мемлекеттік бюджетке кірістер артығымен орындалған. Жергілікті қазынаға да былтырғыдан көп салық түсірді. Жергілікті бюджет бойынша 832 млн. теңге салық түсіру жоспарланған. Алайда, оның орындалуы 131 пайызға жетті. Жоспардан тыс 261 млн. теңге қаржы қазынаға құйылды. Жеке тұлғалардың жер салығы да 156 пайыз орындалды. Межелеген 4 ...
Читать далее »