Экономика

Тың жаңалықтар өндіріске ендіріледі

Түркістан облысында  «жасыл» жобаларды жүзеге асыру мақсатында арнайы делегация өз жұмысын бастады. Сапардың негізгі мақсаты: Түркістан, Шымкент қалаларының полигонындағы жағдайды тереңірек зерттеу, Super Silk Road Grid жобасын іскеасыру үшін CCCS және Incheon Ұлттық университетін қаржыландыру арқылытехникалық және ғылыми қолдауды тарту мүмкіндіктерін талқылау болып табылады. Делагация мүшелері əуелі Түркістан облысының əкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесіп, өңірдің «жасыл» экономиканы өркендетуде жасап жатқан жұмыстарымен ...

Читать далее »

Ауыл шаруашылығын өркендету үшін…

Түркістан облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев келді. Ведомство басшысы аймақтың осы саладағы әлеуетін бағамдап, бірқатар нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен, Ордабасы ауданындағы «Каз Киотти» трактор зауытына атбасын бұрып, кәсіпорынның жұмысына оң баға берді.«Каз Киотти» — дала техникасын Оңтүстік Корея үлгісімен құрастырып, сататын  бірден бір кәсіпорын. Қазір жылына 6 мың трактор құрастыруға қауқарлы. Сапасы жоғары, сервистік қызметі ...

Читать далее »

Индустриаландыру қарқынды даму белгісі

Түркістан облысы  еліміздің экономикасына қан жүгіртіп отырған іргелі өңірдің бірі. Мамандардың айтуынша, тағы бір әкімшілік аймақтың пайда болуымен жаңа жұмыс орындары ашылады, деп хабарлайды 24.кz. Ал бұл өз кезегінде адам капиталын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді дейді сарапшылар.  Айжан Мұқышбаева, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы: — Халық тығыз қоныстанған жердегі адам капиталын максималды, оңтайлы түрде пайдалануға көмектеседі. Құрылыс саласы дамығаннан кейін, ...

Читать далее »

Қазақы нақыштағы еуропалық сапа

Еуропалық сапа. Қазақы нақыш. Қызылды-жасылды, жайнаған кілем. Түркістан облысындағы «Назар текстиль» кілем фабрикасының өнімдері дәл осындай талаптарға сай. Тұтынушы сұранысын ескерген фабрика өз тауарларын арзандатылған бағада ұсынуда.«Назар текстильдің» өңіріміздегі өнеркәсіпті өркендетуде үлесі мол, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Жылына 3 миллион шаршы метр кілем тоқитын фабрика ішкі сұраныстың 65 пайызын қамтиды. Бұдан бөлек, ТМД мемлекеттеріне де тауар экспорттайды. Отандық тоқыма кластерін ...

Читать далее »

Экономикалық өсім – өрлеу жолы

Түркістан облысында экономикалық өсім жылдан жылға артып келеді. Облыс орталығының Түркістанға ауысуынан кейін енді өсім жағынан да біршама жетістіктер болары сөзсіз. Мәселен, былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3090103,5 миллион теңгені құрады. Жалпы өңірлік өнім көлемі құрылымында тауар өндіру үлесі 37,8 пайыз, қызмет көрсету – 56,5 пайыз құрады. Ал биылғы жыл да табысты жетістіктермен қуантып отыр. Былтырғыға қарағанда биыл біршама өсім байқалады. ...

Читать далее »

Ақ алтын алқабының көлемі ұлғайтылуда

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында 136 мың гектар суармалы жер бар. Биыл ақ алтын алқабының көлемі біршама ұлғайтылып 94 мың гектар жерге мақта егілген. Өңірдегі коллекторлық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізіліп, тік дренажды ұңғымалар жарақтандырылды. Сол жұмыстардың арқасында ауданның су жүйелері ретке келіп, су тапшылығы жойылды. Сонымен қатар, су мәселесінің шешілуінде қазақ-өзбек қарым-қатынасының жандануы да өз нәтижесін беруде. Мақтааралға «Достық» трансшекаралық каналынан ...

Читать далее »

Инвестор тартудың негізгі құралы

Бүгінде Түркістан облысында кәсіпкерлік кең қанат жайып келеді. Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының бұған қосып отырған көмегі орасан. Өңірдің экономикалық әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында инвесторлардың қызығушылығын арттыру үшін жыл сайын түрлі көрмелер, арнайы бизнес форумдар өткізіліп келеді. Оның нәтижесі де жаман емес.  Түркістан облысы әкімдігінің инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылып, ол ...

Читать далее »

Мақтааралдың қауыны брендке айнала бастады

Бүгін Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен арнайы мәжіліс өтті. Аудан әкімі Бақыт Асанов төрағалық еткен жиында тамыз айының соңында өтетін «Қауын фест» фестиваліне дайындық жұмыстарының барысы мен мақта шаруашылығындағы өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Аудан басшысы Б.Асанов мақталы өлкеде алғаш рет ұйымдастырылып жатқан фестивалде ауыл әкімдіктері қауын-қарбыздан жасалған өз өнімдерін жұрт назарына ...

Читать далее »

Өркенді өндіріс ошақтары көбеймек

Түркістан облысында индустриалды-инновациялық даму аясындағы жобалардың шамамен 50 пайызы ауылдық елдімекендерде жүзеге асырылуда. Бұл бірінші кезекте ауыл халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға септесетіні анық. Яғни, ауылдағы ағайын екі қолға бір күрек тауып нәпақа табады. Одан бөлек өндіріс орны ашылса ауыл аймақты гүлдендіруге, көркейтуге, абаттандыруға да мүмкіндік туады. Ауылдың қаладан еш айырмашылығы болмайтындай дәрежеге жеткізеді. Ауылдарда ашылатын өндіріс орындары ауданның одан кейін ...

Читать далее »

Сыртқы сауданың айналымы артып келеді

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасының Түркістан облысы  бойынша, Шымкент қаласын қоса алғандағы негізгі көрсеткіштері жоғары. Алдын ала деректер бойынша, 2018 жылғы қаңтар-мамырда Түркістан облысының, Шымкент қаласын қоса алғанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда көлемі 269,8 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-мамыр деңгейіне 104,4%, оның ішінде экспорт – 89,2 млн. АҚШ долларын (87,6%) немесе өзара сауда көлемінің ...

Читать далее »