Экономика

Жалпы өңірлік өнім межесі артып отыр

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданы табиғатының кереметтігімен ерекшеленеді. Сондықтан да мұнда тау баурайын бөктерлей орналасқан демалыс орындары көп. Осы орындарды ашып, қызмет көрсетіп отырған кәсіпкерлер қазына бүйірін толтырумен қатар, ауылдықтарды жұмыспен де қамтып отыр. Ауданда бүгінде ауыз толтырып айтарлықтай толымды жетістіктер жетерлік. Жоспарланған межеге жету мақсатында жалпы құны 347 млн. теңгені құрайтын «Жайлау» емдеу-сауықтыру орталығы салынады. Бұл туралы облыс әкімінің ...

Читать далее »

Инвестиция құюға ниеттілер аз емес

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірімізге инвестиция құюға ниетті шетелдіктерге барынша жеңілдіктер жасалатындығы туралы үнемі айтып келеді. Оларға салық жөнінен де, жер бөлу жағынан да барынша қолайлы жағдайлар қарастырылмақ. Өңірімізге әсіресе баламалы энергия көздері жобасы бойынша инновациялық жоба болып табылатын шағын су электр станциясын салуды мақсат тұтқан шетелдіктердің қатары аз емес. Аталған станцияны салу үшін аймақта ағын су, жел, күн ...

Читать далее »

Бағдарламаның үлесі қомақты

Бүгінде Түркістан облысында энергия үнемдеу мақсатында көптеген ілкімді істер қолға алынуда. Осы бағытта баламалы энергия көздерін дамыту жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл тарапта индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қосып отырған үлесі қомақты. Баламалы энергия көздерін дамыту бағытында облыста бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, Арыс қаласында қуаты 14 МВт болатын күн электр стансасын салу биылғы жылдың еншісінде. Отырар ауданында «Промондис» ЖШС қуаты 35 ...

Читать далее »

Ауыл шаруашылығына инвестиция тартылмақ

Бүгінде Түркістан облысында қарқынды бау шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартуға басты назар аударылуда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан ауқымды қолдаулар көрсетіліп, агроөнеркәсіп кешенде жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Ауыл шаруашылық саласында шешілмей жатқан мәселелерді қарайтын ортақ біріккен жұмысшы органы да құрылмақ. Ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауыл шаруашылығын дамыту үшін 4 ...

Читать далее »

Кәсіпкерлік нысандары 100 пайызға көбейіп отыр

Түркістан облыс орталығы болып шоқтығы биіктеген аймақтың экономикалық әлеуеті де артатыны сөзсіз. Еліміздегі ең ірі сауда-саттық қаласы саналатын Түркістан әрі арзаншылығымен де аты әйгілі еді. Тұрғындары еңбекқор, ала жаздай кетпенін күнге сүйдіріп, белі бүгіліп егін алқаптарында еңбек ететін түркістандықтар кәсіпкерліктің де көзін тапқан. Дәл қазіргі уақытта Түркістанда 13 мың 44 шағын және орта бизнес нысаны тіркелген. Осы салада маңдай терін ...

Читать далее »

Аграрлы аймақтың мүмкіндігі мол

Түркістан облысында биылғы жартыжылдықта ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 146,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,4 млрд. теңгеге артқан. Ал, республикада өнім көлемі бойынша облысымыздың үлесі 14,6 пайызды құрап отыр. Соның арқасында облыс республикада екінші орынға шығып отыр. Ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 68,6 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылғы тиісті кезеңдегіден 18,2 пайызға артты. Бұдан бөлек, бүгінгі ...

Читать далее »

«Еңбек бәрін де жеңбек»

Түркістан облысында экономикалық өсім жағынан да, ауылшаруашылығындағы табыстылығы жөнінен де Сайрам ауданы көштің басында келеді. Аудан орталықтары ішінде мегаполиске ең жақын орналасқан ауданның бірі. Орталығы – Ақускент. 11 ауыл округі бар. Халқының саны 207 мыңнан асып жығылады. Аудан ауылшаруашылығына бейімделген. Тұрғындарының дені осы салаға бет бұрып, ауданның дамуына өз үлестерін қосып келеді, деп хабарлайды 24.кз. «Еңбек бәрін жеңбек» деген қанатты ...

Читать далее »

Орталық Азияны толық қамтуға қауқарлы

Түркістан облысындағы «Хазрат Али Акбар» – өңіріміздегі шикізаттан бастап өнімді толық өндіріп, сауда нүктелеріне дейін жөнелтетін жалғыз компания. Кәсіпорын биопрепараттар, биотыңайтқыштар және биопестицидтер өндіреді, деп хабарлайды okg. kz. Оның өнімдері бүгінде Қазақстанның барлық өңіріне және Өзбекстан мен Түркіменстан мемлекеттеріне тасымалданады. Енді Малайзия мен Израиль шаруалары да бұларға қызығушылық танытуда. Компанияны техника ғылымының докторы, профессор С.Усмановтың басшылығымен ағайынды жігіттер құрған. Өмір ...

Читать далее »

Экономикалық даму көрсеткіштерін саралайды

Түркістан облысында бүгінде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру жолында түрлі жиындар жиі өткізіліп тұрады. Жуырда облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасында сала мамандарының басын қосқан жиын өтті. Бүгінде өңірімізде қарқында түрде жүзеге асырылып жатқан индустриалды инновациялық бағыттағы ауқымды жұмыстар жан жақты сараланды. Кәсіпкерлік палата басшылығы арнайы сараптамалық бөлім ашуды жоспарлап отырғандарын жеткізді. Аталған бөлім облысымыздағы экономикалық даму көрсеткіштерін жан-жақты саралап, нақты ...

Читать далее »

Фермерлерге баса көңіл бөлінеді

Түркістан облысына Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің сапары барысында салаға қатысты көптеген мәселелер талқыланды.  Өңірдегі агроөнеркәсіптік бағдарламалар мен инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын талқылауға арналған жиында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А.Евниев агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы ұсынатын мүмкіндіктер туралы толығырақ баяндап берді. Оның айтуынша, жаңа мемлекеттік бағдарламаның мәні — жер мен қаржыландыруды қажет ететін фермерлерге баса ...

Читать далее »