Әлеумет

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА АРДАГЕРЛЕРДІҢ ҮЙ АУЛАСЫНДА СЕНБІЛІКТЕР ӨТІП ЖАТЫР

Республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының төртінші «Өнегелі ұрпақ» апталығында Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында сенбіліктер өтіп жатыр. Шарада жастар мен ерікті азаматтар ардагерлер мен жалғызбасты қариялардың үй аулаларында тазалық әрі абаттандыру жұмыстарын атқаруда. Атап айтқанда, шөп ору, жер аудару, ағаш бұталау, үйдің қасбеті мен қоршауларды сырлау, қоқыстан тазарту жұмыстары. Мәселен, бүгін Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округінің ерікті жастары ...

Читать далее »

КЕЛІСІМ ШАРТСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БАСТАҒАН КОМПАНИЯҒА 40 АЕК АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен Тұран ауданы аумағындағы Арғынбеков көшесі бойында басталған заңсыз жол құрылысы тоқтатылды. “Пожтехмонтаж” ЖШС тарапынан көше бойындағы 80 метрге жуық аяқжол қопарылып тасталған.   Компанияның мемлекеттік сатып алу конкурсы жеңімпазы болғанымен, тапсырыс беруші Тұран ауданымен әлі келісім шарт жасалмағаны анықталып отыр. Соған қарамастан компания жұмысшылары бекітілмеген аумақта құрылысты бастап кеткен. Бұл әрекет қазір тұрғындарға қолайсыздық тудыруда. ...

Читать далее »

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Отырар ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған шараларға тұрғындар белсене атсалысып жатыр. Бүгінде Отырар ауыл округіне қарасты Мөлке Шойман ауылындағы саябақтың айналасын қоқыстан тазарту, жолдың жиектеріндегі қоршауларды сырлау, төңіректі арамшөптерден тазарту, ағаштарды ақтау, топырақ түбін қопсыту жұмыстары атқарылды. Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» ...

Читать далее »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА 49 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Өткен жылы Түлкібас ауданына қарасты Майтөбе және Азаттық елді мекені тұрғындары үшін қуанышқа толы болды. Себебі, соңғы жылдары көкейтесті мәселеге айналған ішкі жолдардың қанағатсыз жағдайы шешімін тапты. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде қос елді мекеннің 32,1 шақырымды құрайтын 49 көшесі орташа жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Оның 21 көшесі Майтөбе ауылына, ал 28 көшесі Азаттық елді мекеніне тиесілі. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ДЕМАЛУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОРЫНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкентте үш субұрқақ қайта жаңғыртылады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ордабасы алаңында және Түркістан, Тәшенов көшелерінің қиылысындағы «көл»деп аталып кеткен субұрқақтарды жаңарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізуді тапсырды. Жаңғырту аясында Әл-Фараби ауданында орналасқан жасанды су айдынын қалпына келтіру жоспарлануда. Қазір оның айналасын абаттандыру жұмыстары басталды. Сонымен қатар, су қоймасының аумағында субұрқақ іске қосылады. Жобада орындықтар, заманауи жарықтандыру шамдары мен көгалдандыру қарастырылған.  Ал ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығы басталды. Атқарылған шаралар барысында аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып, көгалды аймақ көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Шаһардың жасыл аймағын ұлғайту мақсатында көктем мезгілінде 104 300 дана ағаш егілген болатын. Олар терек, емен, сәмбітал, үйеңкі, кіші жапырақты қарағаш, өрік, аморфа сынды ағаш түрлері. Одан бөлек, орталықтағы саябақ пен аллеяларда 200 мың дана көпжылдық, гүл ...

Читать далее »

Психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастырған күдікті ұсталды

ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана әрекетінің ұйымдастыруда күдікті ретінде Қазақстан азаматын ұстады.   Тінту барысында 25 кг-ға жуық синтетикалық есірткі, 1 тонна прекурсор, зерхана құрылғылары, сондай-ақ шетелдік валютадағы ірі көлемде ақшалай қаражат алынды. Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.   Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР Қылмыстық-процестік ...

Читать далее »

«КИЕЛІ МЕКЕН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Сарыағаш ауданында «Киелі мекен» апталығы аясында тарихи-мәдени ескерткіштер абаттандырылып, тазалық шаралары жүргізілуде. Шара барысында аудандағы Жартытөбе, Тегісшіл, Құркелес, Қабланбек, Дарбаза, Жемісті Қызылжар, Дербісек елді мекендеріндегі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштер маңы қоқыстан тазартылды. Атқарылған жұмыстар барысында кесененің аумағы ретке келтіріліп, шөптері қырқылды. Жалпы тазалық акциясы аясында тұрғындар өз елді мекендерінде әктеу-сырлау, абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 16 МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Ресей Жаратылыстану ғылымдары Академиясы президиумы мен халықаралық ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар конкурсын ұйымдастыру комитетінің «Ғылымға қадам» ХХІ-ХХІІ халықаралық ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар конкурсына 16 мемлекеттен үміткерлер қатысқан. Білім сарапқа салынған халықаралық сайыста Түркістаннан арнайы барған Оқушылар сарайының шәкірттері мен жетекшілері есе жібермей, жүлделі орындардан табылды. Оқушылар үйінің директоры Икапова Индира Ресей Жаратылыстану ғылымдары Академиясының «Отандық білімнің алтын қоры» ұлттық бағдарламасы ...

Читать далее »

«КИЕЛІ МЕКЕН»: СОЗАҚТА «БИБІ МАРИЯМ» КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

Созақта «Киелі мекен» апталығы аясында С.Қожанов атындағы Созақ аудандық музейінің ұжымы Бибі Мариям кесенесінің аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Атқарылған жұмыстар аясында кесене аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазаланып, ағаштар әктелді. Одан бөлек, қоршаулар мен ондағы аяқ жолдар қалыпқа келтірілді. Жалпы аудан аумағында 75 шақырым көше бойлары, 11,4 шақырым аяқжолдар тазаланып, 485 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылған. Сондай-ақ, аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ауылдық округтер ...

Читать далее »