Жуырда Қырғызстанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше мемлекеттердің Туризм кеңесінің отырысы өтіп, онда туризм саласындағы өзекті мәселелер мен жаңа үрдістер талқыланды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев пен «Ашық Түркістан» туристік ақпараттық орталығының директоры Серікболсын Сандыбаев қатысты. Отырыста маңызды тақырыптар, соның ішінде ТМД елдерінің бірлескен халықаралық туристік іс-шараларының күнтізбесін ұйымдастыру және ...
Читать далее »Туризм
Шетелден келетін туристер ағынын арттыру…
Жуырда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбал бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барып қайтты. Іссапар өте сәтті өтті, көптеген елеулі жетістіктерге жетті. Сапар барысында 20-дан астам меморандумға қол қойылып, маңызды келіссөздер жүргізілді. G2B форматындағы кездесулер өтті. Облыс әкімі G2B (Үкіметтен Бизнеске) форматында Бейжің іскер топтарының өкілдерімен маңызды кездесулер өткізді. Талқыланған ынтымақтастық бағыттарының негізгісі құрылыс саласы болды. Қытайлық серіктестермен ...
Читать далее »Киелі мекенге сапар ұйымдастырылды
Бүгінде ішкі туризмді дамытуға қатысты түрлі шаралар қолға алынуда. Түркістандағы Қ.А.Ясауи кесенесі еліміздің әр өңірінен келетін туристердің ең басты бағыты болып отыр. Киелі мекенге табан тіреп, айтулы кесенеге тәу етушілер қатары бір сәт те болса толастаған емес. Түркістан облысы Сайрам ауданында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға тең мүмкіндік жасауға бағытталған айтулы шара қолға алынды. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік ...
Читать далее »Археологияны сүйетіндердің үлкен қызығушылығын тудырады
Археологиялық ескерткіштердің өткеннен нақты деректер беру арқылы халқымыздың тарихын, тамырын зерттеуде маңызы зор. Осындай айтулы орындардың бірі – Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Арыс өзенінің жағасындағы Мәдени ауылында орналасқан көне Ханқорған қалашығы. Ханқорған қалашығы – үлкен тарихи маңызы бар нысан. Алыстан көрінетін көне қала Оңтүстік өңірдегі Абылай ханның резиденциясы болған. Абылай хан саналы ғұмырын қазақ халқының бірлігін сақтауға арнаса, ...
Читать далее »Тарихи мұра обьектісінің атауы жаңғырды
Түркістан облысының тарихы мен мәдениетінде «Шаян мешіт-медресесінің» алатын орны ерекше. Бұл жай ғана діни ғимарат емес, еліміздің маңызды тарихи жәдігері. Мешіт-медресе іргетасы қаланған күннен бастап діни ағарту және рухани ағарту орталығы қызметін атқарып келеді. Міне, осы мекеме қабырғасында жастар имандылық туралы білім алып, діни сауатын шыңдады. Тарихи аты айтып тұрғандай «Шаян мешіт-медресе» халықтың имандылығын оятып, діни сауаттылығын арттыруға қызмет ...
Читать далее »Түркістанға шетелдік туристер мен студенттердің ағыны артуда
Қазақстанның рухани астанасы Түркістанға жыл өткен сайын шетелдік туристер мен студенттер көптеп келуде. Бұл ағын халықаралық байланыстарды нығайтып қана қоймай, аймаққа туристік ағынның артуына ықпал етеді. Жуырда Түркістан облысы «Ясауи түркологиясының жазғы оқуы-2024» жобасының алаңына айналды, оған Солтүстік Кипр мен Түркия Республикасынан 20-ға жуық студент жауапты қызметкерлерімен бірге қатысты. Өкілдік кеңес пен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) қолдауымен жүзеге ...
Читать далее »Түркістан: Өткеннің ұлылығы мен бүгінгінің үндестігі
Түркістан – бір көргеннен тамсандыратын қала. Оның көшелері, әсіресе Керуен Сарай сізді әп-сәтте орта ғасырларға апарады, сондықтан оның сұлбасы заманауи қала келбетіне үйлеседі. Осы көшелермен жүріп өткен заманның тынысын сезініп, Ұлы Жібек жолындағы сауда мен мәдениеттің орталығы болған көне шаһардың атмосферасына сүңгіп кетесіз. Түркістан қаласының қақ ортасында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ерекше орын алады. Осы зәулім ғимараттың жанынан өткен ...
Читать далее »Түркістан: Руханият пен тарих әлеміне зиярат
Тіршіліктің ұлылығы мен осалдығы ұрпаққа мәңгілік шындықты жеткізу үшін уақыт тоқтап қалғандай көрінетін тарихи ескерткіштерде астасып жатыр. Сондай ұлы мұралардың бірі – Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Бұл ұлы сопы ақыны мен философын еске алу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен мұсылмандар ағылатын орын. Қожа Ахмет Ясауи 12 ғасырда өмір сүріп, артында рухани мұра ғана емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан көптеген аңыз-әңгімелер ...
Читать далее »Балаларға арнайы экскурсия ұйымдастырылды
Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында ерікті жастар мен көп балалы отбасы балаларына арналған «Бүгін біз үшін тарих» экскурсиясы жиі ұйымдастырылып тұрады. Жуырда Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар» ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бүгінгі күн біз үшін тарих» атты экскурсия аудандағы ерікті жастар мен көп балалыотбасы балалары үшін айтулы оқиға болды. Экскурсия қатысушыларды Түркістан өлкесінің көрікті жерлерімен таныстыру, балалардың ...
Читать далее »Туристерді тартатын тарихи мекен
Түркістан облысында туристерді тартатын тарихи мұра обьектілері көп. Жыл сайын аталған кешендерді көруге шетелдерден де еліміздің өзге өңірлерінен де ағылып келетіндердің қарасы қалың. Қожа Ахмет Ясауидің бас кесенесінен 150 метр жерде сопылық табынатын жер асты ғимараты – Қылует мешіті орналасқан. Аңыз бойынша, ұлы сопылық ақын және ойшыл өмірінің соңғы жылдарын дәл осы жерде өткізген. Көптеген ғасырлар бойы сопылар ...
Читать далее »