Әлеумет

«Бірінші сыныпқа бірінші рет!» акциясы өтті

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен Арыстанұлының бастамасымен игі шара өтті. Шара аясында кәсіподақ басшылығының қолдауымен жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа баратын балаларға мектепке қажетті құрал жабыдықтар толы сөмке таратылды. Игі бастама «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» акциясы аясында өтті. «DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, материалдық қолдауға мұқтаж отбасылардың тізімін жасаған. ...

Читать далее »

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың өлшемшарттары қандай?

Естеріңізде болса, алдыңғы постымда мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді лауазымға тағайындау туралы жазған болатынмын. Бүгін сіздердің назарларыңызға педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидатты бағалаудың өлшемшарттарын ұсынғым келеді. Бұл туралы Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.   Өлшемшарттар қандай? Білім деңгейіне қойылатын балл саны: Техникалық және кәсіптік = 1 Жоғары ...

Читать далее »

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау туралы

Болашақ – білімді ұрпақтың, ал білімді ұрпақ – педагогтің қолында. Сол үшін әрбір білім ошағындағы сапалы ұстаздар мен сапалы оқушылардың қатары арта түссе, келешегіміз көркейе түсері сөзсіз. Ал осы ретте мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді қабылдау тәртібі қалай? Бұл туралы Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.   «Ең бірінші кезекте, ...

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАНДА ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН КУРСТАР БАСТАЛДЫ

Қазақстанда пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары басталды. Оларды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері EdCrunch Academy-мен бірлесіп әзірледі. Мамандар 12 пән бойынша 44 бағдарлама әзірледі. Еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 40 000-нан астам математика, информатика, физика, химия, биология, география, тарих, жаратылыстану, қазақ, орыс, ағылшын тілдері және бастауыш сынып мұғалімдері курстан өтеді. «Курстар басталған күні 6 603 мұғалім оқуға кірісті. Курстарды бастамас бұрын ...

Читать далее »

«Шеврон» қаржыландырылған жобаның жемісі

«Шеврон» компаниясы жастардың ғылымға және жаңа технологияларға қатысы бар жобаларын белсенді түрде қолдайды. Компанияның шынайы демеуші болуымен жүзеге асқан ауыз толтырып айтарлықтай әлеуметтік жобалар жетерлік. Оған қомақты түрде қаржы бөліп отыруды және жыл сайын оны арттыра түсуді компания дәстүрге айналдырған. Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму және өркендеу көрсеткіші. Сондықтан оларды әлемдік өркениет талаптарына сай сапалық жағынан жақсарту – ...

Читать далее »

Әжетханалары талапқа сай емес мектептер де бар…

Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты бірнеше мектептерге мониторинг жүргізді. Бұл туралы басқарма басшысы Ғалымжан Алматов хабарлады. Мониторинг жұмыстары 5 тамызда бітеді. Алайда соған дейін жүргізіліп жатқан жұмыстармен қысқаша таныстыра кетейік. Мониторингтің мақсаты – мектептерді оқулықтармен және ОӘК қамтамасыз ету, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, мектептердің материалдық-техникалық жабдықталғаны, оның ішінде бейнебақылау ...

Читать далее »

2020-2022 жылдары денсаулық саласы бойынша қызметкерлердің орташа табыс деңгейі артты

Қазақстан Республикасы Президенті К.К Токаевтың 2025 жылға дейін денсаулық сақтауға арналған жалпы шығыстарды ЖІӨ-нің 5%-ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасының шеңберінде  («ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 19 маусымдағы №27 Жарлығы) дәрігерлердің және орта медицина қызметкерлерінің орташа айлық жалақысын Қазақстан Республикасының экономикасы бойынша орташа айлық жалақыға кезең-кезеңмен ұлғайту қарастырылған. Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында дәрігерлер мен ...

Читать далее »

Денсаулық сақтау министрі Шымкенттегі медициналық ұйымдарды аралады

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында министр қаладағы Жүрек орталығы, емхана мен перзентханадағы медициналық қызмет сапасын бақылап, медицина қызметкерлерімен сұхбаттасты. Жүрек орталығында болған А.Ғиният кардиохирургия бөлімшесін аралап, емдеу мекемесінің ота жасайтын мүмкіндіктерін көріп шықты. 158 төсекке есептелген қалалық жүрек орталығы алғашқы медициналық көмек нысандарының бірі. Орталық стационарлық түрде мамандандырылған, жоғары технологиялық кардиологиялық, кардиохирургиялық, ...

Читать далее »

Парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында жиын өтті

«Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Шымкент «№1 қалалық емханасы» МКК қызметкерлерімен кездесу өтті. “Әділдік жолы” РҚБ Шымкент қаласындағы филиалының басшысы , Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар ...

Читать далее »

СҮЙІКТІ ДӘРІГЕР

Тен Светлана Владимировна 1958 жылы 07 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Жоғары білікті дәрігер еңбек жолында 29 мыңнан астам науқастарды емдеген. Көпшіліктің сүйікті дәрігеріне айналған Светлана Тенды өзге тіпті шет ел асып, науқастар іздеп келеді. С. Тен 1983 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған. 1984 — 1986 жылдар аралығында бұрыңғы «Фосфор» ауруханасында терапия мамандығы бойынша интернатурадан ...

Читать далее »