Cаясат

Қазақстан ДСҰ-ның транзит жөніндегі арнайы сессиясына модераторлық етті

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжан «Сауда және транзиттік операциялардағы проблемаларды еңсеру» тақырыбында ДСҰ-ның теңізге шыға алмайтын дамушы елдер үшін транзит жөніндегі арнайы сессиясының модераторы ретінде сөз сөйледі. Аталған семинардың мақсаты – теңізге шыға алмайтын дамушы елдер (ТШАДЕ) бетпе-бет келетін шектеулер мен сын-тегеуріндерді қоса алғанда, озық тәжірибені тереңдетіп зерделеу, сондай-ақ транзиттік операцияларды ...

Читать далее »

Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 19-21 маусым күндері Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар аясында екі ел басшылары келіссөздер жүргізеді. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік-логистикалық және энергетикалық  қатынастарды дамытуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән беріледі. Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен оны нығайту перспективалары қарастырылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: Халықаралық фестивальде «Айбынды аула» анимациялық фильмі гран-при иеленді

Бүгін Түркістанда облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Алтын Сақа» халықаралық анимациялық фильмдер фестивалі өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы қатысты. – Руханият ордасына айналған Түркістанда еліміз үшін маңызы зор саналатын Ұлттық құрылтайдың өтуі біз үшін үлкен мәртебе. Облыстың 5 жылдығына орай ұйымдастырылған «Алтын сақа» халықаралық анимациялық ...

Читать далее »

Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірнеше елдерге жаңа елшілер тағайындалды

Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды; Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды; ...

Читать далее »

Түркістанда «ART TURKISTAN» Халықаралық өнер фестивалі басталды

Бүгін Түркістанда «ART Turkistan» Халықаралық өнер фестивалінің аясында суретшілер симпозиумы басталды. Салтанатты шараның ашылуына Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. – Түркістан түркі әлемінің орталығына айналған қасиетті өңір. Бұл шаһар ғасырлар бойы бүтін бір өркениеттің қайнаған қазаны атанып, озық ойлар мен ұлы ойшылдардың отаны атанды. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толып ...

Читать далее »

Қазақстандық қажылар Сауд Арабиясы Корольдігіне қажылық жасау үшін келе бастады

Жидда қаласының халықаралық әуежайына 144 адамнан тұратын қазақстандық қажылардың кезекті тобы келді. Оларды Бас консул Руслан Қоспанов бастаған Жиддадағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығының дипломаттары қарсы алды. Қазақстандықтардың бірінші тобы ү.ж. 15 маусымда Медина қаласына келді. Сауд Арабиясы Үкіметінің Қазақстан үшін 2023 жылға бөлген квотаға сәйкес ү.ж. 15 маусым мен 10 шілде аралығында киелі жерлерге 4 мыңға жуық қазақстандық азаматтардың келуі ...

Читать далее »

Норвегияның Роголанд және Вестланд провинцияларында Қазақстанмен экономикалық және өңіраралық байланыстар талқыланды

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Роголанн провинциясының губернаторы Бент Хёймен, Берген қаласының мэрі Линн Кристин Енгёмен, Ставангер қаласы мэрінің орынбасары Дагни Хаускенмен және Тиме муниципалитеті мэрінің орынбасары Петтер Стабелмен кездесті. Елші сұхбаттастарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар, сондай-ақ еліміздің экономикалық әлеуеті туралы хабардар етті. Тараптар Қазақстан-Норвегияның өңіраралық ынтымақтастығын құру перспективаларын қарастырып, болашақта Ставангер мен Берген қалаларында ...

Читать далее »

Қазақстан «Сирия мен аймақтың болашағы» халықаралық конференциясына қатысты

Қазақстанның Еуропалық одақ жанындағы Өкілдігінің басшысы Марғұлан Баймұхан «Сирия мен аймақтың болашағына қолдау көрсету» атты VII Брюссельдік халықаралық конференцияға қатысып, еліміздің қалыптасқан жағдайға қатысты ұстанымын таныстырумен қатар еліміз тарапынан көрсетілген гуманитарлық көмек туралы баяндады. Еуроодақ пен Біріккен Ұлттар Ұйымы бірлесіп ұйымдастырған конференцияға 60-қа жуық мемлекет пен 20-дан астам халықаралық ұйымдар қатысып, 13 жыл бойы қарулы қақтығыс жүріп жатқан Сирия және ...

Читать далее »

Брюссельде сарапшылар мен дипломаттар «Орталық Азия — Еуроодақ» форматындағы ынтымақтастықты дамытудағы Қазақстанның рөлін талқылады

ЕО астанасында «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» форматындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың динамикасы мен перспективалары және Астананың осы процеске қосатын үлесі туралы пікірталас өтті. «ЕО Орталық Азиядағы күн тәртібін қалай ілгерілетуде? Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастықтағы рөлі» тақырыбындағы конференция Брюссельдің еуропалық институттары мен сарапшылар қауымдастығының өңірге деген ұлғайып келе жатқан қызығушылығына және оның жалпы энергетикалық, көліктік-логистикалық және климаттық сын-қатерлерді шешудегі әлеуетіне жауап ...

Читать далее »

Іскерлік әріптестік – Қазақстан мен Польша ынтымақтастығын дамытудың басты қозғаушы күші

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Польшаның Даму және технологиялар бірінші вице-министрі Гжегож Пеховяктың төрағалығымен Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 9-шы отырысы өтті. Үкіметаралық комиссияның жұмысына екі елдің салалық министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібі өзара сауданы кеңейту, бірлескен инвестициялық жобаларды, оның ішінде шағын және орта бизнес, көлік және логистика, агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өнеркәсібі, ...

Читать далее »