Cаясат

KazAID Душанбе мамандарын оқытуды ұйымдастырды

«KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі Әбуәлі ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің мамандары үшін екі күндік семинар өткізді. «Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі арқылы университеттерді сәтті аккредиттеу және ілгерілету» семинарының мақсаты сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу мен енгізудің тиімді стратегиялары мен әдістерін, сондай-ақ QS (QS World University Rankings) әлемдік рейтингтерінде университеттерді ілгерілету жолдарын ұсыну және талқылау болды. Дәріскерлер ...

Читать далее »

Қазақстан Елшісі Словенияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Люблянадағы Президент сарайында Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Әлібек Бақаев Словения Президенті Наташа Пирц Мусарға сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсімнен кейін өткен екіжақты кездесу барысында Ә. Бақаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Словения Президентіне жолдаған жылы лебіздерін жеткізіп, еліміздің Словениямен ынтымақтастықты, сауда-экономикалық және транзит-көліктік салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екендігін білдірді. Елші Словения Президентін еліміздегі жаңа саяси және әлеуметтік-экономикалық ...

Читать далее »

Астанада Каспий теңізі мәселелері бойынша Қазақстан-Ресей келіссөздері өтті

Екі мемлекеттің өкілетті өкілдері деңгейінде Каспий теңізі мәселелері бойынша Қазақстан-Ресей келіссөздері өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Зульфия Аманжолова, ресейлік тарапты Каспий теңізі бойынша көпжақты келіссөздердегі Ресей делегациясының басшысы, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Михаил Петраков басқарды. Іс-шара барысында Каспий келіссөздер процесі аясындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының күн ...

Читать далее »

Сирия бойынша Астана процесінің шеңберіндегі кезекті жоғары деңгейдегі 20-шы халықаралық кездесу өтеді

2023 жылғы 20-21 маусымда Астана қаласында Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі кезекті 20-шы халықаралық кездесу өтеді. Келіссөздерге кепілгер елдер – Ресей, Түркия және Иран делегациялары, сондай-ақ Сирия Үкіметі мен қарулы оппозицияның өкілдері қатысады. Байқаушы ретінде БҰҰ, Иордания, Ирак пен Ливан өкілдерінің қатысуы күтілуде. Келіссөздердің күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалдың өзгеруі мен Сирия еліндегі жағдайы, САР-дағы кешенді реттеу бойынша ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 70 жасқа толған мерейтойына орай құттықтау жеделхатын жолдады

 Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларын дамытуға және халықаралық аренадағы жоғары беделін ілгерілетуге Си Цзиньпиннің қосқан жеке үлесін жоғары бағалады. Мемлекет басшысы Қытай халқының игілігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚХР Төрағасының бастамалары мен ауқымды реформаларының табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді. Президент Қазақстанның екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін тағы да растады. – Біздің бірлескен күш-жігеріміз ...

Читать далее »

Португалдық Мадейра Қазақстанды өз аймағына кеңірек тартуға қызығушылық танытты

Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Дәулет Батырашев Мадейра автономиялық аймағының астанасы Фуншал қаласына жұмыс сапармен барып, аймақ Үкіметінің президенті Мигель Альбукеркемен, сауда-өндірістік палатасының төрағасы Жорж Франспен, туризм және мәдениет жөніндегі өңірлік хатшы Эдуард Жесушпен, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлермен келіссөздер өткізді. Кездесуде М. Альбукерке Қазақстан мен Португалия арасындағы қарым-қатынастардың дамуының оң қарқынын және шарттық-құқықтық базаның жоспарлы кеңеюін жоғары бағалап, өңірдің Қазақстанмен ынтымақтастығының келешегі зор бағыттары ...

Читать далее »

Қазақстан туралы кітаптар алғаш рет Дубайдың Ұлттық кітапханасына сыйға тартылды

Екіжақты мәдени байланыстарды нығайту аясында Қазақстан Республикасының Дубайдағы Бас консулдығы Мұхаммед бен Рашед атындағы Ұлттық кітапханаға еліміз туралы кітаптар жинағын сыйға тартты. Араб әлеміндегі ең ірі кітапхананың қоры қазақтың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, табиғаты және Қазақстанның қазіргі жетістіктері туралы түрлі кітаптар жинағымен толықты. Дубай Ұлттық кітапханасының төрағасы Мұхаммед Әл-Мурр Бас консулдыққа бағалы сыйлық үшін алғысын білдіріп, бұл кітаптар келушілерге Қазақстанның бай ...

Читать далее »

Софияда Астана халықаралық форумының қорытындылары талқыланды

Болгар ғылым академиясының Экономикалық зерттеулер институтында 2023 жылғы 8-9 маусымда Қазақстанның елордасында «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында» тақырыбымен өткен Астана халықаралық форумының қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Институт басшылығы, сарапшылар қоғамдастығының, ғылыми және академиялық топтардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Қазақстан достары клубының мүшелері және басқалар қатысты. Өзінің кіріспе сөзінде Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев геосаяси ...

Читать далее »

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Чехияның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (ҚазҰӨА) Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен «Prague Quadrennial-PQ 2023» беделді театр және сахналық дизайн фестиваліне қатысты. Праганың көрме орталығы 70 мыңға жуық көрермен жинады, олардың арасында әлемнің 100-ден астам елінен 8 мыңға жуық кәсіби өнер шеберлері, студенттер және басқа да белсенді қатысушылар болды. ҚазҰӨА проректоры, профессор Қабыл Қалыков бастаған Қазақстан өкілдері фестивальдің көрмелерден, ...

Читать далее »

Түркістанда Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші орнатылады

Түркістанда Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, Осман империясынан кейінгі кәсіби Республиканың негізін қалаған танымал мемлекет қайраткері, саясаткер және реформатор Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші орнатылмақ. Бұл келісімге Түркістан қаласы әкімдігі мен Стамбұл қаласы Малтепе провинциясы арасындағы меморандум негізінде қол жеткізілмек. Ескерткішті орнату жұмыстарын Түркия Республикасы толық қаржыландыратын болады. Қазіргі таңда ескерткіш бой көтеретін орынжай белгіленіп жатыр. Екі ел арасындағы достық қатынасты ...

Читать далее »