Cаясат

Франк-Вальтер Штайнмайер Астанаға арнайы шақырғаны және қазақ халқына тән қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Ол шағын құрамдағы келіссөз табысты өткенін атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды екенін жеткізді. «Біздің екіжақты қарым-қатынасымыздың жағдайы туралы айтқаныңызды растаймын. Біз дипломатиялық қарым-қатынасымыздың соңғы 30 жылына ғана емес, сонымен қатар сіз айтып өткендей, ынтымақтастығымыздың барлық салада қарқынды дамып келе жатқанына назар аударамыз. Неміс компаниялары Қазақстанға қомақты қаражат құйып келеді және бұл бағыт тек экономикалық саламен шектелмейді.  Біздің Президент ...

Читать далее »

Қазақстан мен Германия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Германия Президенті бастап келген неміс делагациясына ілтипат білдіре отырып, Франк-Вальтер Штайнмайердің мемлекеттік сапары Қазақстан мен Германия арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға жол ашатынын атап өтті. «Сіздің сапарыңызды асыға күттік. Бұл сапар Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың дамуына тың серпін беру үшін өте маңызды. Германия – Қазақстанның Еуропалық Одақтағы негізгі серіктестерінің бірі. Түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін ...

Читать далее »

Қазақстан мен Германия Президенттері келіссөз жүргізді

Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі ...

Читать далее »

Эр-Риядта «Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты жаңа форматтағы ынтымақтастық талқыланды

Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің (ШАМЫҚ) штаб-пәтерінде Орталық Азия елдері елшілерінің Кеңес басшылығымен және Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Орталық Азия елдері мен ШАМЫК арасындағы өзара әрекеттестік мәселелерін, оның ішінде «Орталық Азия –Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа форматы аясында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылады. Сонымен қатар Шығанақтағы араб елдері ...

Читать далее »

Қазақстан ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты. Кездесу барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері халықаралық және өңірлік жағдай бойынша пікір алмасып, Ұйымның ағымдағы қызметінің кең ауқымды мәселелерін және ҰҚШҰ-дың сыртқы байланыстарын дамытуға қатысты кейінгі қадамдарды талқылады. ҚР СІМ басшысы М.Нұртілеу отырысқа қатысушыларды ...

Читать далее »

Қазақстан Елшісі Норвегияның Стортингі Президентімен кездесті

Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Норвегияның Стортингі Президенті Масуд Гараханиге сыпайылық сапарымен барды. Елші Норвегия парламентінің басшысын Қазақстанның қазіргі дамуы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және экономикалық реформалары, еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттары, Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығының жағдайы мен келешегі туралы хабардар етті. Стортинг Президенті Қазақстандағы парламентаризмнің дамуына, сондай-ақ Астана мен Осло арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың барысына қызығушылық танытты. Әңгімелесушілер Қазақстан-Норвегия парламентаралық байланыстарын одан ...

Читать далее »

Президент Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады

Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды дамытуға және мемлекетаралық қатынастарға тың серпін беруге бағытталған қазақ-өзбек ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Танзила Нарбаеваға ілтипат білдіре отырып, бүгін Астанада өткен маңызды бастама – «Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы» атты шараны қолдағаны және жиынға белсенді қатысқаны үшін Олий Мәжілісі Сенатының төрағасына ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы осы алаңның бірінші отырысының қорытындысы өңірдегі өзара іс-әрекетті жандандыруға ...

Читать далее »

Түркістандық балуан Арменияда өткен Халықаралық турнирде чемпион атанды

Армения астанасы Ереван қаласында еркін күрестен «Stepan Sargsyan Cup» халықаралық турнирі өтті. Аталған сайыста Келес ауданының спортшысы Асылжан Есенгелді 61 келі салмақта бақ сынап, турнир чемпионы атанды. Байрақты бәсекеге әлемнің 10 елінен 130 спортшы қатысты. Спортшының жаттықтырушысы Мақсат Бекбаев Асылжаннан жетістіктерімен еліміздің мерейін асқақтатып жүргендігін және алда да үлкен үміт күтетіндігін айтты. Есенгелді Асылжан Есболұлы 2001 жылы Түркістан облысы Келес ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: Металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауыт салынады

Түркістан облысының аумағында «Тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр жабдықтар өндіретін зауыт салу» жобасын іске асыру жоспарлануда. Құны 7 млрд. теңгелік инвестициялық жоба тұрақты түрде 100-ден аса адамды жұмыспен қамтымақ. Жоба 2023-2024 жылдар аралығында жүзеге асады деп көзделіп отыр. Облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров пен «PSI Group» ЖШС-нің өкілі Павел Беклемишев екі жақты меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде жобаны бірлесе жүеге ...

Читать далее »

Қазақстан Сыртқы істер министрі Беларуське ресми сапармен барды

Беларусь тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Беларусь Республикасына ресми сапармен келді. Сапар барысында ҚР cыртқы саяси ведомствосының басшысы М. Нұртілеуді Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко қабылдады. Беларусь Президенті екі елдің екіжақты форматта да, халықаралық өңірлік ұйымдар шеңберінде де өзара іс-қимылының нәтижелі сипатын ерекше атап өтті. Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының стратегиялық деңгейі расталды. А. Лукашенко Қазақстан Республикасының Президенті ...

Читать далее »