Cаясат

ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСУ — ҮЛКЕН МӘРТЕБЕ

Былтыр қаңтарда көгілдір отынның қымбаттауына қарсы шыққан маңғыстаулықтардың бейбіт шеруі мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған деструктивті күштердің қолына түсті. Арандатушылардың бұл әрекеті елдің жеті аймағындағы тәртіпсіздіктерге ұласып, қарапайым тұрғындар да қатысып кетті. Бұзақы топтар мен кәсіби арандатушылар ұйымдастырған бейберекеттіктің салдарынан әкімшілік ғимараттар мен 2000-ға жуық ШОБ зардап шекті. Тонау мен қиратулардың салдарынан жалпы сомасы 100 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. 5000 ...

Читать далее »

ХАЛЫҚ ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ АШЫҚ ТЫҢДАУДАН КӨП САУАЛҒА ЖАУАП АЛДЫ

Туған Отанымыз — Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Егемендігіне үлкен сынақ болған өткен жылдың қаңтар айында орын алған қасіретті оқиғалардың тарих қойнауына енгеніне бір жыл болып отыр. Шындығында, ол оқиғалардың зары мен зардабы еліміз үшін оңай соққан жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «…халықтан жасыратын ештеңе болмауы тиіс, қоғам шындыққа көз жеткізуі керек» деген болатын. Халқымыз да, қоғам да қаңтардағы қасірет туралы жан-жақты ...

Читать далее »

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ БОЙЫНША 315 АДАМҒА ҚАТЫСТЫ 127 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТЕРГЕЛІП ЖАТЫР

Былтырғы қаңтар оқиғасы бойынша 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті. «Қазір 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олар бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Тергеу нәтижесін міндетті түрде қоғамның назарына жеткізетін боламыз», — деді Б. Асылов. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қаңтар оқиғасынан кейін рақымшылық 1 095 ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖАРИЯЛАҒАН РАҚЫМШЫЛЫҚ ШАРАСЫМЕН 1095 АДАМ БОСАТЫЛДЫ

Қаңтар оқиғасынан кейін рақымшылық 1 095 адамға қатысты қолданылды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті. «Жалпы, «қаңтар оқиғасы» бойынша соттар 1 221 адамға қатысты істі қарады, соның арасында 1 205 адам сотталды. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы өз Жолдауында рақымшылық жасау туралы атап өтті. Осы орайда «Рақымшылық жасау туралы» заң қабылданды. Заң аясында арандатушылардың ...

Читать далее »

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ: БҰРЫНҒЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ МҰРАТ БЕКТАНОВ ЗАҢСЫЗ БҰЙРЫҚ БЕРГЕН

Әскери сотта Қорғаныс экс-министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдау жүріп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті. «Одан бөлек, әскери сотта Қорғаныс экс-министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдау жалғасуда. Тергеуге сәйкес, ол төтенше жағдай кезеңінде заңсыз бұйрық берген және стратегиялық нысандарды әскерилердің күзетінсіз қалдырған. Бұрынғы Қорғаныс министрі елімізде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдамаған», — ...

Читать далее »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУЫЛ-АЙМАҚТЫ АРАЛАП, БОРАН САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданына арнайы барып, боран мен желдің салдарынан болған жағдайдың зардаптарын жою жұмыстарымен танысты. Жауапты басшыларға, мамандарға жолдарды қардан тазалап, елді мекендердегі электр желілерін жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Тұрғындармен, ел ағаларымен кездесіп, қалпына келтіру жұмыстары жөнінде баяндап берді. – Облыс аумағында қалың қар мен жел және боран салдарынан бірнеше ауданда күрделі жағдай қалыптасқанын білесіздер. Бұл ...

Читать далее »

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсті

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардың барлық түрінің мөлшері өсті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Атап айтқанда, бұл өзгеріс зейнетақы мен жәрдемақы алатын 4,4 млн адамға әсер етеді. Осы мақсаттарға республикалық бюджетте 4,6 трлн теңге қарастырылған. «Базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы ұлғаюын ескере отырып, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ...

Читать далее »

ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады. *** Құрметті отандастар! Міне, біз қазір бір ел болып, Жаңа жылды қарсы аламыз. Оны бәріміз ізгі ниетпен күтіп отырмыз. Осы сәтте мерекелік көңіл-күймен бір-бірімізге ақ тілек айтамыз. Болашаққа сеніммен қарап, жоспар құрамыз. Миллиондаған азаматтарымыз сияқты мен жаңа жыл жарылқасын деп келешекке үмітпен қараймын. Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін оңай болған жоқ, күрделі ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА «ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР» АТТЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында «Еңбегі жанған арулар» іскер әйелдер форумы өтті. Жиынға «Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының Президенті, облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева модераторлық етті. Аталған шара Қазақстанның іскер әйелдерінің қоғамдағы рөлін арттыру және түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген қарапайым жұмыскер әйелдерді дәріптеп, олардың мәртебесін өсіру мақсатында ұйымдастырылды. Форумға мемлекеттік мекемелер, өңірдегі бизнес қауымдастық өкілдері, мәслихат депутаттары қатысып, ...

Читать далее »

Қазақ-өзбек бизнес форумында 73 млн. АҚШ долларына келісімшарт жасалды

Өзбекстанның Ташкент қаласында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен өңіраралық қазақ-өзбек бизнес-форумы өтіп жатыр. Онда 73 млн. АҚШ долларынан астам сомадағы 9 құжатқа қол қойылды. Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге қос елдің 500-ден астам кәсіпкері қатысты. Ташкент қаласында өтіп жатқан бизнес-форум шеңберінде Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бойынша, сүт-тауар фермасын салу, полипропилен қаптарын шығару, иірілген жіп өндірісі, алма, қара ...

Читать далее »