Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Түркістан облысы Сауран ауданында сайлаушылармен кездесу өткізді. Сайлаушылармен кездесуде өңірлерді дамытуға және ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға арналған мәселелерге ерекше назар аударылды. Алдағы уақытта ауылдық жерлерде жаңа жабдықпен жарақталған, білікті медицина қызметкерінен жасақталған 700 жаңа медициналық нысан ашылады. Жалпы, төрт миллионнан астам ауыл тұрғыны қосымша мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтылады. Тұрғындар ...
Читать далее »Cаясат
ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВТЫҢ ШТАБЫ ШАРУАЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Президенттікке кандидаттардың бірі Жигули Дайрабаевтың сенімді өкілі Николай Арсютин Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы «Қызылжар сүт» ЖШС кәсіпорнына барып, еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары баяндалып, партияның жұмысы туралы егжей-тегжей айтылды. Жигули Дайрабаев өзінің бағдарламасында Қазақстан шикізаты бай мемлекет бола тұра, өз халқын қолжетімді отынмен және энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ете алмай отырғандығын көрсеткен. Осы ретте көпшілікпен ...
Читать далее »ҚАРАҚАТ ӘБДЕН ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МӘСЕЛЕСІН КӨТЕРДІ
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Тараз қаласының «Жанұя» емханасында сайлауалды кездесу өткізді. Кездесуге әлеуметтік сала және медицина қызметкерлері қатысты. Басқосу барысында қоғамдағы өзекті сұрақтар мен әлеуметтік қызметкерлердің мәселелері талқыланды. Қарақат Әбден бұл саланың маңыздылығын тілге тиек етіп, әлеуметтік қызметтің негізгі мәселелеріне тоқталды. «Әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдардың саны артып келеді, бірақ елімізде кәсіби әлеуметтік қызметкерлер жетіспейді. Заңнамаға қажетті өзгерістерді енгізе отырып, әлеуметтік ...
Читать далее »САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
ҚР президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапхананда жергілікті халықпен кездесу өткізді.Кездесуде еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту туралы ойлар айтылды. Үміткер мемлекеттік органдардың деректері мен зерттеулеріне сілтеме жасай отырып, статистиканы жариялады. Әйелдер кәсіпкерлігі ШОБ секторындағы жұмыс орындарының 31,4 пайызын қамтамасыз етеді. 2020 жылғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі 28,3 пайызды құрады. Олардың көпшілігі ...
Читать далее »НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ШОРТАНДЫ КЕНТІНДЕ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Шортанды кентінде сайлаушылармен кездесті. Іс-шара барысында жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді. Тұрғындар өздерін алаңдатқан сауалдарға тұшымды жауап алды. Қажетті инфрақұрылым жоқтығы секілді Қазақстанның бірқатар өңіріне тән мәселе Шортанды кентінде де өзекті. Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, жағдайды түзету үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту керек. Кандидат барлық ...
Читать далее »МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН ҚАСКЕЛЕҢ ҚАЛАСЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тиімсіздігін атап өтті. Бұл туралы Қаскелең қаласының педагогтерімен болған кездесуде айтылды. Мейрам Қажыкен жас мұғалімдерге бөлінетін қаражат жеткіліксіз болғандықтан мамандар қалаға қайтып кететінін жасырмады. «Мен бұл мәселемен таныспын. Жастар екі жылға келеді, қиындықтарға тап болады, шыдамайды, сосын кетеді. Тұрғын үй және жалақы мәселесі шешілмейді. Бұл үдерісті үкімет нашар бақылайды. Егер біз ...
Читать далее »Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!
Облыс прокуратурасы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның талаптарына қатысты тұрақты түрде түсіндіру іс-шараларын жүргізіп жатқанына қарамастан, жекелеген адамдар, оның ішінде шетелде жүргендер тарапынан тұрғындарды интернет-ресурстар арқылы заңсыз митингілер мен наразылық акцияларына қатысуға шақырулары жалғасуда. Айта кету керек, биыл екі өңір тұрғындары Түркістан және Кентау қалаларында келісілмеген митингілерге қатысуға шақырғаны үшін тиісті жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау ...
Читать далее »РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ТҮРКІСТАНДА
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Түркістан облысында жалғасты. Ең алдымен “Конгресс Холл” көпфункционалды кешенінде ақсақалдармен, қоғамдық пікір көшбасшылары және жастармен кездескен штаб мүшелері рухани астана Түркістанның дамуы жолындағы бастамалар мен атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Сондай-ақ, кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды түсіндірді. «Нағыз еңбек адамдары Түркістанда тұрады» деген Ерлан Жақанұлы алдағы ...
Читать далее »КІМ-КІМНІҢ ДЕ ДАУСЫ МАҢЫЗДЫ
Алдағы сайлау – игіліктердің, жақсылықтардың даңғыл жолына түсуге игі әсерін тигізетін науқан болады деп үміттенемін. Ендеше, әрбір азаматтың дауыс беруі маңызды. Ел келешегі үшін барын салар, еліміздің жарқын болашағының кепілі болар лайықты үміткерге мен де өз даусымды беремін. Сайлау жалпыға бірдей, тең, бәсекелі әрі ерікті түрде өтетініне еш күмәнім жоқ. Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Еліміздің жаңа Қазақстанға айналып, өркениет жолына ...
Читать далее »ЖАСТАР – ЖАСАМПАЗДЫҚ ҮШІН!
Мен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде журналистика мамандығы бойынша оқып жатырмын. Сайлауға міндетті түрде қатысамын. Себебі, дәл осы кезде біз жастар жұдырықтай жұмылып, дұрыс таңдау жасауға тиіспіз. Бұл кезектен тыс өткелі отырған сайлау еліміз үшін өте маңызды шара деп білемін. Үміткерлер арасындағы үздігі жеңіп, ел болашағын жарқын етер деп үміттенемін. Және де туыстарымның, достарымның сайлауға бір кісідей қатысып, белсенділік танытқандарын ...
Читать далее »