Түркістан облысында ҚР индустриалды- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аудандарда индустриалды аймақтарды көптеп ашу қарастырылуда. Түркістан облысына қарасты Мақтарал ауданында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Мақтарал индустриялдық аймағында жүзеге асып жатқан жобалар көп және жоспарланған жобалар да молынан. Мәселен, Мақтарал ауданында 2015 жылы іске қосылған «Береке» мақта зауыты бүгінгі күні қарқынды жұмысы атқарып келеді. Аудандағы индустриалды ...
Читать далее »Месячные архивы: Август 2018
Кәсіпкерлер үшін тиімді болмақ
Бүгінде Түркістан облысына қарасты барлық аудандарда индустриалды аймақ құру мәселесі шешімін тауып келеді. Аудандардан жырақта жатқан ауылдарда да индустриалды аймақ құру жоспарда бар. Сарыағаш ауданына қарасты Жылға ауылдық округі аумағында орналасқан индустриялдық аймақтың жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген болатын. Алайда, ауыз су мәселесі шешілмегендіктен инфрақұралым жүйелері құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлінбеген. Дегенмен жақын аралықта бұл мәселе шешімін тауып қалады ...
Читать далее »Қоқыстан өнім өндіретін зауыт ашылады
Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында еліміздегі тұңғыш полиэтилентерефталат қалдығынан талшық өндіретін зауыт іске қосылмақ. Құны 20 млн. теңге болатын жоба өңірдің тек әлеуметтік-экономикалық дамуына ғана емес, экологиялық тазаруына да едәуір ықпал етпек. Тың өндіріс басында Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев болып қайтты. Қажетсіз дүниелер, қатты қалдықтар енді сұраусыз емес. Кәдеге жарайды. «Green Technology Industries» компаниясы олардан енді синтетикалық талшықтар өндірмек. 2016 ...
Читать далее »Кәсіпкерлікті қолдаудың арқасында
Түркістан облысында ҚР индустриалды- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асыру барысында аудандарда да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жалпы өткен жылы Сарыағаш ауданында «Индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 470,0 миллион теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба кәсіпкерлік қолдау картасына енгізілген болатын. Олар «ТМстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бірлік ауылдық округіндегі аумағынан жалпы құны 250,0 миллион теңгені құрайтын пресс жіп шығару ...
Читать далее »Экономикалық аймақ қанатын кеңге жаймақ
Жалпы Түркістан облысында жылдың соңына дейін 34,7 миллиард теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылады. Бүгінгі таңда іске қосылған жобалардың 94 пайызы жоспарлық қуаттылықты игеріп, 71 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 21 пайызға жеткен. Бұдан бөлек, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция соммасы 34,3 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылған. Яғни бұл кәсіпорындармен 22,7 миллиард теңгеге өнім өндірілсе, өндірілген ...
Читать далее »Бюджет түсімі артты
Түркістан облысының Ордабасы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы жарты жылдың қорытындысы бойынша айтарлықтай жетістіктерге жетіп отыр. Мемлекеттік бюджетке кірістер артығымен орындалған. Жергілікті қазынаға да былтырғыдан көп салық түсірді. Жергілікті бюджет бойынша 832 млн. теңге салық түсіру жоспарланған. Алайда, оның орындалуы 131 пайызға жетті. Жоспардан тыс 261 млн. теңге қаржы қазынаға құйылды. Жеке тұлғалардың жер салығы да 156 пайыз орындалды. Межелеген 4 ...
Читать далее »Өңдеу межесін арттырмақ
Түркістан облысында ҚР индустриалды- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аудандарда ашылған индустриалды аймақтар бүгінде қарқынды жұмыс атқаруда. Облысымызға қарасты Шардара ауданында негізінен балық шаруашылығы жақсы дамыған. Шағалалы Шардарада бүгінде дәл осы кәсіп түрін меңгерген ондаған серіктестік жұмыс атқаруда. Ауданда үдемелі индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған кәсіпорын бүгінде көшін түзеп, тірлігін түзеп келеді. Жылына 600 ...
Читать далее »Шағын кәсіптен ірі өнеркәсіпке…
Бүгінде өңірімізле индустриалды аймақтар қатары артып келеді. Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында және шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолға алынған жобалар көздеген межені бағындырып, үмітті ақтай бастады. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан түрлі қолдаулардың арқасында шағын кәсіпкерлік нысандары ірі кәсіпорындарға айналуда. Қазіргі таңда аталған салаларға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында облыстың барлық аудандары мен қалаларында индустриалдық аймақтар құрылуда. Қазіргі таңда ...
Читать далее »Таза еңбектің арқасында табиғи өнім тұтынады
Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданына қарасты Ақбастау ауылында нағыз жер емген дихандар тұрады деуге болады. Өйткені, Үлкен Бөген мен Бала Бөген өзендері ауылды орай өткендіктен тұрғындар ағынсудан тапшылық көрмейді. Оның үстіне жер де шұрайлы. Мұнда шаруа қожалықтары көп. Сондықтан, мұндағы әрбір үйдің ауласы мен бау-бақшасы жайқалып тұрады. Дегенмен, мұның бәрінің астарында үлкен еңбек жатқаны белгілі. Ақбастау-тоғыз жолдың торабында болмаса да, күре ...
Читать далее »«Баракаттың» берекеті көп
Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы Ақсукент елдімекенінің іргесінде орналасқан «Баракат» жылыжайы бүгінде шаруасын шалқытып отыр. Аталған жылыжай бүгінде 2 гектардан астам жерге түрік технологиясын ендіре отырып қияр, қызанақ егеді. 6 айдың ішінде 250 -300 тонна өнім алуға қауқарлы. Бүгінде жылыжайда 20 адам екі қолға бір күрек тауып отыр. Алдағы уақытта жұмысшылардың қатарын арттырмақ ниеттері бар. Шаруа қожалығының басшылары Түркияға барып ...
Читать далее »