Месячные архивы: Сентябрь 2018

Арыстық 100-ден астам отбасы баспаналы болады

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Арыс қаласына БАҚ өкілдері үшін пресс-тур ұйымдастырды. Онда журналистер шахардағы тұрғын үй мәселесіне, әлеуметтік және басқа да нысандарда атқарылып жатқан жұмыстардың барысына қанықты. Алдымен, тілшілер «Көктем — 2» тұрғын ауданында болып, ондағы 36 пәтерлі үш бірдей көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Үш қабаттан тұратын тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттары 2015 жылы бектілген. Қазіргі таңда 3 үйдің ...

Читать далее »

Үндістандық компания құс шаруашылығына инвестиция салмақ

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Үндістанның «VENKY’S» компаниясының өкілдерімен кездесті. Үндістан нарығының 90 пайызға жуығын құс етімен қамтамасыз етіп отырған алпауыт компания Түркістан облысына инвестиция салуға ниетті.  Кездесуде өңір басшысы облысымызда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға толық мүмкінік бар екенін жеткізді.    — Түркістан облысы Өзбекстан Республикасымен шектеседі.  Өңірден Батыс Еуропа – Батыс Қытай Қытай магистралі өтеді. Жұмыс күші көп әрі ...

Читать далее »

Қосымша бонустар берілмек

Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы тиісті қадамдарды жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызметкерлерге жалақы факторлық-балдық шкала бойынша төленетін болады. Бұл ретте қызметкерлердің жауапкершілігі, дербестігі, тәжірибесі, арнайы білімі, жүктемесі секілді факторлар ескеріліп, жалақы тағайындалады. Бұл туралы бүгін Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев ...

Читать далее »

Құрылыс саласымен де танымал болмақ

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Иіржар ауылдық округі «Диқан» ауылындағы 600 орындық Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс барысымен танысты.   Мердігер «Корпорация Сити Строй» ЖШС-і құрып жатқан нысанның жалпы құны 1 миллиард 107 миллион теңгеден астам. Өңір басшысы нысан құрылысының өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуін тексеріп, бірнеше кемшіліктерді анықтады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілетін нысанды өз уақытында тапсыру және ...

Читать далее »

Түркістандық шаруалар өз өнімдерін астаналықтарға арзан бағада ұсынды

Түркістан облысының тауарөндірушілері демалыс күндері Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесін өткізді. Екі күндік шара Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне арналды. Онда жалпы құны 201,0 млн. теңгені құрайтын 496 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Атап айтқанда, 80 тонна ет және ет өнімдері, 141 тонна көкөніс, 28 тонна сүт өнімдері, 90 тонна бақша өнімдері, 53 тонна жеміс-жидек, 26 тонна картоп, 10 ...

Читать далее »

Дербес дами бастады

Мақтаарал ауданы жаңадан құрылып, дербес дами бастағандықтан, Мырзакент пен Атакент кенттерінде тұңғыш рет «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмыс жасай бастады.  Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудынымыздың студент және жұмыссыз жастарын қосымша жұмыспен қамту және қоғамдық, еңбек белсенділіктерін нығайтуды жүзеге асыру, жастар бойында азаматтық және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын қалыптастырған болатын. Міне, жұмыс бастағандарына 1 айға жуық уақыт болған ...

Читать далее »

Ж.Түймебаев Өзбекстаннан келген делегациямен кездесті

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күніне арналған мерекелік шара аясында Өзбекстан Республикасынан келген делегация өкілдерімен және ҚР Парламенті депутаттарымен кездесті. Басқосуға ҚР Парламенті Мәжілісінің және Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Мәжілісінің депутаттары, көрші елдің Министрлер кеңсесі Халықаралық байланыстар және шет мемлекеттермен достық байланыстар орнықтыру кеңесінің мүшелері, Өзбекстанның зиялы қауым өкілдері және ҚР Ш.Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық ...

Читать далее »

Жыл басынан бері 4000 тонна ет өндірілген

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының басшысы «Темірболат» шаруа қожалығына аялдады. Қожалықтың басшысы Темірболатов Рүстем 50 бас бұқаны бордақылауда. Негізінен өндірген етін ішкі нарыққа сатады. Ірі қараның ерекше тұқымын 3 ай бойы бордақылап, әрбір мал басынан орташа 300-350 келі ет өндіруде.   Рүстем Темірболатовтың 4 гектар жері бар. Қауын өсіріп, өнімін шетелге экспорттаған ол қалдықсыз өнім шығару үшін мал бордақылау алаңын ашқан. ...

Читать далее »

Мақтааралда мал бордақылау алаңдарының саны 80-нен асты

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында жайылым жер жоқтың қасы. Сондықтан, мұнда малды көбейткеннен көрі бордақылаған өте тиімді. Қазірдің өзінде ауданда 80-нен аса мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы аудандағы мал бордақылау алаңдарының жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.   Ең алдымен өңір басшысы «Исрайлов» шаруа қожалығына атбасын бұрып, 20-ға жуық бұқаны бордақылап жатқан Исрайлов Тәңірбергеннің ...

Читать далее »

Түркиялық компания Түркістан облысында 200 гектар аумаққа жылыжай салады

Жуырда Анкарада өткен бизнес форумда Түркияның компаниялары мен Түркістан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалған болатын. Осы келісімге сәйкес, Түркістан қаласына Түркияның атақты «Dal Holding Investment CO» компаниясының Қазақстан Республикасы бойынша бірінші басшысы Демирджан Кусе бастаған өкілдері келді. Инвесторларды қабылдаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев компания басшыларының Түркістанды дамыту бағытындағы ұсыныстарына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. «Түркістан қаласының қазақ халқы ...

Читать далее »