Түркістан облысы мен Индонезия мемлекеті туризм және сауда-саттық салалары бойынша тығыз байланыс орнатады. Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рахмат Промономен жүздескен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Түркістан қаласына арнайы келген елшіні қабылдаған өңір басшысы Индонезияның әлеуеті жоғары мемлекет екеніне тоқталды. «Индонезия туризм саласында табысқа жетіп жүрген мемлекет екенін білеміз. Біздің өңір үшін осы елдің ...
Читать далее »Месячные архивы: Сентябрь 2018
Мақта өңдеу зауыттарының жұмысы қарқынды
Мақтаарал ауданында мақта өндіретін 5 зауыт және мақта қабылдайтын 69 бекет қызмет көрсетуде. Зауыттардың ішінде ТМД-да теңдесі жоқ саналатын «Мырзакент» мақта өңдеу зауыты 120 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайтын өндіріс ошағының жоғары технологиялық құрал-жабдықтары АҚШ-тың «Люмус Корпорайшн» компаниясынан сатып алынып, монтаждалған. Өндірістік құаттылығы 60 мың тоннаны құрайды. Қолданыстағы мақта зауыттарымен салыстырғанда бұл ...
Читать далее »Ақ алтынның тоннасы 170 мың теңге болып белгіленді
Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында 38 593 гектардан аса жерге мақта шиті себілген. Биыл орташа есеппен гектарынан 21-24 центнерден өнім алу көзделіп отыр. Мақтаның бағасы анықталып, ең алғашқы болып «Мырзакент» мақта зауыты ақ алтының тоннасын 170 мың теңгеден белгіледі. Бәсекелестік ортада мақтаның бағасы 200 мың теңгеге дейін көтеріледі деген болжам бар. Бүгінде аудандағы мақта қабылдау бекеттеріне 5 мың тоннадан астам ...
Читать далее »Сайрам ауданында 60 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Түркістан облысы Сайрам ауданында ағымдағы жылы елді мекендердің ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 59 шақырымды құрайтын 60 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, аудан орталығы Ақсукентте 33 көше, Ақбұлақ, Қарасу және Манкент ауылдарында екі көшеден жалпы 6 көше, Қарамұрт елді мекенінде 3, Жібек жолыда 2 көше жөнделуде. Қазіргі таңда, Сайрам ауданынан ...
Читать далее »Түркістандық шаруалар астаналықтарға 500 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін ұсынады
Түркістан облысының тауарөндірушілері Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесін өткізеді. Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған шараға жалпы құны 201 млн. теңгені құрайтын 496 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылмақ. Оның ішінде 80 тонна ет және ет өнімдері, 141 тонна көкөніс, 28 тонна сүт және 90 тонна бақша өнімдері, 53 тонна жеміс-жидек, 26 тонна картоп жөнелтіледі. Сондай-ақ, 10 мың ...
Читать далее »Жоба жоспарлар көп
Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асанов тұрғындарының саны 20 мыңға таяп қалған Атакент кентіндегі нысандармен танысты. Жаңадан асфальт төселген көшелерді аралап көріп, күрделі жөндеуді қажет ететін мектептерге барды. Сондай-ақ, атакенттіктермен де арнайы жиын өткізіп, тұрғындарды мазалап жүрген сұрақтарға жауап берді. Атакент кентіндегі ең өзекті деген ауыз су мәселелсін шешу үшін АПЗ және ЖСҚ құжаттары дайындалып, келесі жылы құрылысы басталғалы ...
Читать далее »Мырзакент өркендеу үстінде
Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудан орталығы Мырзакент кенті мен Атакент кентіндегі өзекті мәселелермен танысу үшін тұрғындармен арнайы кездесті. Ең алдымен өңір басшысы Мырзакент кентінің мәселелі нысандарын аралап көріп, орталықтың тұрғындарымен жиын өткізді. Іріленген Мақтаарал ауданының тұсында орталықтан және тоғыз жолдың торабынан шет қалуы — Мырзакент кентінің дамуын тежеген. Бүгінгі таңда жаңа ауданның орталығы болған кентті ...
Читать далее »Түркістан қаласын дамыту басты назарда
Түркістан қаласында Түркістан облысы Қоғамдық Кеңесінің отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде 7 мәселе талқыланды. Бірінші мәселе бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаев баяндама жасап, Түркістан қаласының дамуы туралы сөз қозғады. «Мінеки, Шымкенттен Түркістан қаласына көшіп келгенімізге тура 1 ай болды. Облыс орталығында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Түркістанның дамуына Елбасымыз тікелей назар аударып, көңіл бөліп отыр. Түркістан қаласының туристік әлеуеті өте жоғары. ...
Читать далее »6 мың тұрғын таза ауыз сумен қамтылмақ
Түркістан облысы Төлеби ауданында су құбырларының құрылысы қарқынды жүруде. Биыл ауданның 2 бірдей ауылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Атап айқанда, тұрғындары артезиан құдықтардан су ішіп келген Тағайна ауылы мен су құбырлары тозған Зағамбар ауылы. Зағамбар ауылындағы су құбырының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында бастаса, Тағайнадағы құрылыс жұмыстары мамыр айында бастау алған. Нәтижесінде салынып жатқан жаңа су құбырлары ...
Читать далее »Түркістан облысында 332 мың тонна шитті мақта жинау жоспарлануда
Түркістан облысы бойынша өткен жылы 134,5 мың гектар мақта дақылы егіліп, 330,5 мың тонна шитті мақта жиналған болатын. Ал ағымдағы жылы 132,7 мың гектар егіліп, болжам бойынша әр гектарынан 25 центнерден 332 мың тонна шитті мақта жинау жоспарлануда. Ағымдағы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 297 бұйрығына сәйкес, мақта өңдеу кәсіпорындарына тапсырылған 1 тонна өніміне ...
Читать далее »