Месячные архивы: Август 2020

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

Биылғы жылы әлемнің көптеген елдері Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуде. ТМД мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру аясында онлайн режимінде өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес «Шымкент 2020 — ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында 10-30 тамыз аралығында Достастық елдері арасында қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай сөзі» онлайн оқулары өтеді. ТМД ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «Shymkent bike» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымкент қаласында үлкен магистралды көшелерге веложолақтар салынып жатыр. Жұмыстар толығымен аяқталар болса тұрғындар велосипедті қоғамдық көлік ретінде қала аумағында пайлануына мүмкіндік туады. «Shymkent bike» әлеуметтік-инновациялық жобасы шеңберінде 200 велосипедті құрайтын 40 велостанция іске қосылуға дайын тұр. Алдағы 1,5-2 айдың көлемінде велосипедтер тұрғындар игілігіне беріледі деп күтілуде. Жоба аясында пайдаланушылар үшін қолжетімді және ыңғайлы тарифтік жоспарлар әзірленген. «Bike Sharing» жүйесі арқылы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 108 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛДЫ

Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 6 айында 21 573 отбасыға, яғни 107 967 адамға 5,7 млрд.теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді. Нәтижесінде шартты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алған 1597 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның 1362-ы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, 172-ы қоғамдық жұмыстарға, 23-і жастар практикасына, 35 азамат кәсіби даярлау курстарына жолданды, 5 адам кәсіпкерлікке баулу шараларымен қамтылды. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, олар Абай мұражайында болып, танымдық экскурсия жасады. Артында өшпес мұра қалдырған ойшылды өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеу мақсатында 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында саябақ алдына ескерткіші орнатылған болатын. Бұдан өзге, Шымкентте Абай Құнанбайұлының ...

Читать далее »

Медицинаның сапасын арттыру үшін…

Қазіргі таңда Шымкентте эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түсе бастады. Мәселен, кеше бір күнде 437 науқас коронавирустан жазылды. Ал жедел жәрдем қызметін шақырту өткен айларда 2320-ға дейін жетсе, бүгінде ол 1200 шақырылымға азайды. Бұл – былтырғы жылмен салыстырғанда 100 шақырту ғана көп деген сөз. Жұқпалы ауруларға байланысты провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77 пайызға азайды. Қазіргі қалыпты нормада 1420 төсек-орындық ...

Читать далее »

Мемлекеттен субсидияланады

Шымкентте  24 тасымалдаушы компания бар. Оның 3-еуі  өз бағыттарын дұрыс ұстайды. Жүру тәртібін бұзбайтын 3 тасымалдаушы компания мемлекеттік бюджеттен субсидияланады. Ал жақында электрондық жүйеге көшкен соң, қоғамдық көліктер 90 пайыз жаңа болады және тасымалдаушы компаниялардың бәрі мемлекеттен субсидияланады. Одан бөлек, әлеуметтік бағыттағы қоғамдық көліктер де қызмет етуде. Қала орталығынан шалғай шетте орналасқан шағынаудандардың барлығы да қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілген.    ...

Читать далее »

Шымкент: Қос өкпесі қабынған жүкті әйел сауығып келеді

31 жастағы Гүлжауһар Кунжубаева өкпесінің 80 пайызы қабынып, ауыр халде Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына түскен. Дәрігерлер жүкті келіншекті бірден жансақтау бөліміне жатқызады. Қандағы оттегі мөлшері тым аз болғандықтан, 15 күн бойы өкпені желдету аппаратымен тыныс алған. Осы уақыт ішінде жансақтау бөліміндегі мамандар шаранасы бар әйелдің саулығы үшін күресіп, оң нәтижеге қол жеткізді. Жүкті әйел денсаулығы он алтыншы күні жақсарып, ...

Читать далее »

ҚАРАША АЙЫНАН БАСТАП ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕ ОРНАТЫЛАДЫ

Шымкентте қараша айына дейін қоғамдық көліктерде төлем электронды жүйеде жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда құрылғыны орнату үшін көлік компанияларымен шарт жасалып, автобустарға кабельдер тартылуда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді. Жеке көлік карталарын шығару үшін, қоғамдық көлікте тегін жүретін әлеуметтік санаттарға жататын азаматтар, жоғары оқу орындарында оқитын студенттер, мектеп және орта арнаулы оқу  орындарындағы оқушылар  туралы деректерді жинақталуда. ...

Читать далее »

АЗАТТЫҚТАР ҚАЛА ӘКІМІНЕ АЛҒЫСТАРЫН АЙТТЫ

Арнамызға арызын емес, алғысын арқалай келген бір қауым ел қала әкімі Мұрат Әйтеновке ризашылығын білдіріп отыр. Шаһар басшысының өзі мәселеге мән бергесін, жекенің меншігіндегі су, жарық, газ жүйелерін заңдастырып, мемлекет меншігіне алыпты. Түйінге айналған түйіткіл тез арада шешімін тауып, құрылыс жұмыстары да аяқталуға жақын қалды, деп жұрт қуанып жүр. Тұрғындардың жүрек жарды тілегін сюжеттен көріңіз, деп хабарлайд «Оңтүстік» арнасы.   ...

Читать далее »

Жылу құбырлары ауыстырылуда

Бүгін Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданының партиялық бақылау және сыбайлас жемқолықпен күресу комиссиялары бірлесе отырып, Шымкент қаласындағы жол құрылыстарын көріп қайтты. 2019 жылдан бері құрылысы жүргізіліп келе жатқан Т. Рысқұлов көшесінен басталған Адырбеков көшесі бойындағы жолдың құрылысын бақылады. Қалалық көлік және автомобилдік жолдар бөлімі қызметкерінің мәліметі бойынша, бүгінгі таңға жаңа мердігер “Базис К” ЖШС болып анықталып, 7- 10 күн ішінде ...

Читать далее »