Месячные архивы: Апрель 2021

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына газ тарту үшін пайызсыз несие беріледі

Елордада Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Halyk Bank және «ECOJER» қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында тұрғын үйлерді газдандыруға жәрдемдесу бойынша жоба іске қосылды. Ол Halyk Bank-тен елордада алғашқы жүз тұрғынның үйлерін газбен жабдықтаудың орталық желілеріне қосу үшін пайызсыз кредит беруді көздейді. Халықтың экологиялық таза көгілдір отынға көшуін жеделдету үшін қаржылық ынталандырудың қосымша шараларын енгізу қажет. Осыған байланысты Halyk ...

Читать далее »

«DENSAULYQ» КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ИГІ ІСТЕРІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасы бойынша 18-наурыз «Игі істер күні» деп белгіленген. Осыған орайда Түркістан облыстық «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Нақтырақ айтқанда, кәсіподақ атынан әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға азық-түлік таратылды. Мұндай әлеуметтік қолдау 200-ден аса отбасыға көрсетілді. Игі іс шараның мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған ...

Читать далее »

Тілшілер арасында «Еркін сөз: 2021» байқауы өтеді

  Түркітілдес журналистер қоры «Halyk Bank» АҚ-ның серіктестігімен қазақстандық БАҚ өкілдері арасындағы қаржы тақырыбына негізделген «Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауын жариялайды.   Журналистердің кәсіби білігін арттыру және қаржы саласындағы білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылатын «Еркін сөз» байқауына қазақ тілінде мақала жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ өкілдері қатыса алады. БАҚ өкілдері “Үздік мақала”, “Сайттағы үздік мақала” және “Үздік ...

Читать далее »

Тарихы терең Топкапы сарайы

Тасын түртсең тарихтан сыр шертетін Түрік елінде көне замандардан жеткен жауһарлар жетерлік. Стамбул тарихи орындар мен қорғанға толы, ежелгі заман мен ислам мәдениетінің түйіскен бесігі. Әсіресе асыл жәдігерлер орталығы Стамбулда шеттен келгендер табан тірегісі келетін тарихи орындар мыңдап саналады. Солардың бірі – Топкапы сарайы. Топқапы қамалы алтын мүйіс және Мәрмәр теңізі қиылысқан жерде ХV — ХІХ ғасырларда Осман империясының билігі ...

Читать далее »

Түркістан: 400-ден астам кәсіпкер 5 млн. теңгеден алды

Түркістан облысында ақпан айында бастау алған кепіл затсыз, жарты сағатта екі жылға 5 миллион теңге несие алу жобасы бойынша 400-ден астам кәсіпкер өз мүмкіндігін пайдаланған. Бұрын-соңды болмаған бастамаға сәйкес кредитті рәсімдеуге жеке куәлік пен кәсіпкер екенін растайтын құжат жеткілікті. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппарат отырысында кәсіпкерлерді қолдауды қарқынды жүргізуді тапсырды. Отырыста «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жоспары ортаға ...

Читать далее »

Стамбул сапарынан бір үзік сыр…

Сырлы да сұлу Стамбул…  Арман қала… Ертегі әлем… Сұлулығымен ерекше еліктіретін ғажайып қала туралы таңнан таңға ұрып таусылмайтын дастан айтуға болар. Ақынның жырында, суретшінің қылқамында өрілген керемет өлкені көзбен көру де бір бақыт… Ғажап қалаға ойда-жоқта табан тіредік. Түркітілдес журналистер қорының төрайымы Нәзия Жоямергенқызының ұйытқы болуымен Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің ұйымдастыруымен «Қауіпсіз туризмді сертификаттау» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан және Қырғызстан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА «ҮЗДІК ОПЕРА ӘНШІСІ» ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

  ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Шымкент қалалық Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы тағы да топ жарды. Бұл жолы Мәскеу үлкен театрында өткен «Браво» халықаралық байқауында кәсіби музыка номинациясы бойынша «Үздік опера әншісі» жүлдесін жеңіп алды. Биыл қаңтар айында Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық Опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалған болатын. «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік ...

Читать далее »

Түркия «қауіпсіз туризм» үшін…

Туризм арқылы қазына қазанын қомпайтып отырған Түркия үшін елге ағылған әрбір турист маңызды. «Тарының қауызына сыйдырғандай» тәждітажал былтырдан бері біраз елді әбіржіткені белгілі. Дегенмен тасын түртсең тарихтан сыр шертетін, теңізі шалқыған, сұлу табиғатымен тамсандыратын Түркияға туристер легі әлі де толастамақ емес. Экономиканың негізгі драйвері саналатын туризм  Түркия үшін аса  маңызды салалардың бірі. Сондықтан да осы салаға көптеп көңіл бөлінеді. Жуырда ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ӨРТ СӨНДІРУШІ АНИМАЦИЯЛЫҚ МУЛЬТФИЛЬМ ШЫҒАРУДА

  Қазіргі заманда өмірге қауіп төндіретін жағдайға тап болу өте жиі кездеседі. Олардың ішінде балалардың балалығымен өрттің шығуы жиі орын алып жатады. Сондықтан балаға өз іс-әрекеттерін түсіне бастаған шақта өрт қауіпсіздігі жайында және жану жағдайы кезінде өзін ұстау ережелерін үйреткен жөн. Осындай жағдайлардың орын алмауы үшін Шымкент қалалық ТЖД Қаратау аудандық бөлімінің басшысы Е.Тасқараев балаларға арнап анимациялық мультфильм шығаруды қолға ...

Читать далее »