Месячные архивы: Февраль 2022

Динара Сәтжан сүйікті атанды …

Көрерменнің көзайымына айналған Динара Сәтжан үшін биылғы жыл сәтті басталғандай. Күні кеше «Халықтың сүйіктісі – 2021» сыйлығына ие болды. Ол «Үздік тележүргізуші» аталымын жеңіп алды. Қуанышты жаңалығымен Сәтжан желідегі парақшасында бөлісті.  «Өзім Алматыда түсірілімде жүргенде анам «Үздік тележүргізуші» аталымы бойынша «Халықтың сүйіктісі – 2021″ сыйлығын алды.  Мені қолдайтын барша жанға алғыс айтамын», – деді Динара Сәтжан.  Бизнесте де, қызметте де биік ...

Читать далее »

Оқушыларды ҰБТ-ға тегін дайындайды

Астаналық жаңашыл ұстаз Нұрбай Нұрсапа мектеп түлектерін ҰБТ-ға дайындау үшін тегін сабақтар өткізеді. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектеп-лицейде химия пәнінен сабақ береді, сонымен қатар оқушыларды олимпиадаларға және ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайды. Жас педагог сабақтан тыс уақытында өзінің  YouTube және Telegram арналарында тікелей эфирде бейнесабақтар жүргізеді. Онлайн сабақтар YouTube-те 50 мың сағатқа жуық қаралым жинады, ұстаздың каналы мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында ...

Читать далее »

«Ұрлығым үшін Алладан кешірім сұраймын»: Жазира Байырбекова нан таппай қиналған кезін еске алды

Жазира Байырбекова жастық шағында нан таппай, қиналған кезін еске алды. Әнші тұңғышына жүкті кезде бірнеше күн бойы тек алманы қорек етіп, ақырында көршісі даярлаған астан ұрлап жегенін мойындады. Бүгінде сол ісі үшін ұялатынын жеткізді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. «Ол кезде Қазбекке аяғым ауыр еді. Жанболат оқушылар сарайында жұмыс істеп жүр. Мен студентпін. Бірнеше айдан бері айлық берілмей жүрген кез. Азық-түлік алуға ...

Читать далее »

Түркістан облысында 660 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған

Түркістан облысы бойынша былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 660 млрд 253 млн теңгеге жетті. Инвестиция салымдарының басым бөлігі өнеркәсіп саласына (27,7%) тиесілі. Кейін жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (19,5%), сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс саласына – (12,7%) тиесілі. Бұл туралы брифингте Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Бағлан Қарғұлов мәлімдеді.   «2021 жылы Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім ...

Читать далее »

Ақтөбе облысындағы жол апаты салдарынан үш бала өртеніп, қаза тапты

19 ақпан күні Ақтөбе облысының оңтүстік айналма жолында Lada Largus автокөлігі жүк көлігімен соқтығысып, нәтижесінде жеңіл көліктегі үш бала оқиға орынында өртеніп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.   Апат сағат 16:00 шамасында болған.  “»Lada Largus маркалы автокөлігінің жүргізушісі қозғалыс жолағындағы алдағы көлікті басып озу үшін, қарсы жолдың бос екеніне көз жеткізбестен бұрылған сәтте DAF (фура) автокөлігімен соқтығысқан. Соққы әсерінен жеңіл көлік оң жақ кюветке шығып ...

Читать далее »

Мәсімовті психологиялық, физикалық тұрғыдан сындыру оңай емес — нумеролог

Отандық нумеролог Кәрім Мәсімовтің туған күні мен жылының сандарына талдау жасап, елеусіз қалатын адам емес екенін мәлімдеді. Нумеролог Кәрім Мәсімовтің жолы болғыш, үнемі табысты адам болғанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К. Қаңтардағы оқиға кезінде қамауға алынған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәсім Мәсімовке чакро-нумерология жасаған нумеролог Ақбота Әбілтай оның елеусіз қалмайтын адам болғанын айтты. «15.06.1965 жылы туған. Осы кісінің нумерологиясын, әсіресе чакрологиясын көріп, ...

Читать далее »

Сауран ауданына 500 мыңға жуық турист келген

Сауран ауданы құрылғалы бері, ескі қалашыққа 201 692 турист келген. Бұл Әзірет-Сұлтан қорық-музейінен билет алып, ресми түрде тіркеліп келгендер саны. Пандемия жағдайына қарамастан, жалпы Сауран ауданына 2021 жылы 480 657 турист келген. Оның ішінде, Сауран қалашығына келгендер – 201 692 , Үкаша ата кесенесіне келгендер саны – 240 023, Жылаған атаға келгендер саны – 2000, Жүсіп ата кесенесіне – 36 ...

Читать далее »

Жамбыл облысында ірі кәсіпкер қаңтардағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп күдіктелуде

Ол облыс әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының ғимараттарына жасалған шабуылдар кезінде дауыс зорайтқыш арқылы қатысушыларға нұсқау беріп отырған, деп хабарлайды orda.kz.   Бұл туралы облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы мәлімдеді. — Облыстық әкімдік пен «Нұр Отан» партиясының ғимараттарына шабуыл жасау кезінде ол дауыс зорайтқыш  құрылғыларды пайдаланып, жан-жақты нұсқаулар берді. Үйлестірушілер жастарды шағын аудандарға жинап, жақын аудандардан шақырды. Оларға кәмелетке толмағандар ...

Читать далее »

E-Qurylys жүйесі құрылыстың ашықтығын көрсетуге көмектеседі

Бүгінде құрылыс сапасына бақылауды күшейту мақсатында техникалық қадағалаушылардың есептері E-Qurylys платформасы арқылы жүргізіледі. Бұл жүйе құрылыстың ашықтығын арттыруға, бақылауды күшейтуге, құрылыс барысына мониторинг жүргізуге, деректер мұрағатын жинауға және барлық атқарушы құжаттарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   Алайда қаладағы қызмет атақаратын техникалық қадағалаушылар өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындамауының салдарынан, құрылыстың сапасын, жай күйін бақылауда қиындықтар туындауда. Осы олқылықтарды жою ...

Читать далее »

«Ұрып талдыратын бір еркек жоқ па?» — Желі қолданушылары тараздық блогерге ашулы

Атышулы Шырын Нарчаева тағы да ел назарында. Қазақтың ұлттық тағамы, теңгесі мен киімін қорлаған блогер бұл жолы ұлттық валютамен ойнады, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.  Нарчаеваның кезекті әрекеті желіде тез тарады. Ол 10 мың теңгелік валютамен көз жасын, қала берді мұрнын сүртіп, көпшіліктің наразылығын тудырды. Желі қолданушылары мұндай әрекет жазасыз қалмау керек деп ашулы.  Осыны ұрып талдыратын бір еркектің жоқ болғаны ...

Читать далее »