9 қазан күні Алматы қаласы “Қазақстан” қонақ үйінде «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті. Байқауға 40-қа жуық шығарма келіп түскен. Әділқазылар алқасының төрайымы Айнұр Сембаеваның айтуынша жеңімпаздарды анықтау қиындық тудырмаған. Байқау туралы пікірін білдірген “Заң” газетінің бас редакторы Айнұр Сембаева: “Әлеуметтік тақырыптарды жазатын журналистер кілең жастар болды. “Шеврон” компаниясының әлеуметтік бағдарламалары туралы жазғандар, нәсихаттағандар да болды. ...
Читать далее »Месячные архивы: Октябрь 2022
ІІ Түркітілдес журналистер медиа форумы: «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы»
9 қазан күні Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақүйі «Grand Palace» залында «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы» деген атпен ІІ Түркітілдес журналистер медиа форумы өтті. Бұл туралы ttjk.info сайты жазды. «Шеврон» компаниясы мен “Түркітілдес журналистер қоры” қоғамдық қорының біріккен жобасы халықаралық деңгейде өтті. Форумға Ұлыбритания, Италия, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен спикерлер келіп, түркі бірлігі, медиасы, ақпараттық ықпалдастық туралы сөз қозғап, пікір алмасты. Айтулы медиа ...
Читать далее »“Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер” атты семинар-тренинг өтті
8-9 қазан күндері Алматы қаласындағы “Қазақстан” қонақүйінде қазақ журналистеріне арналған “Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер” атты семинар-тренинг өтті. Семинарды Түркітілдес журналистер қоры Шеврон компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Екі күнге созылған семинарда елдің әр өңірінен жиналған тілшілер Түркия мен Италиядан, Өзбекстаннан келген спикерлердің дәрісін тыңдады. Италиядағы Шетелдік журналистер ассоциацияcының президенті Эсма Чакыр, Түркиядағы Анталья Журналистер одағының төрағасы Идрис Таш, Түркия журналистер конфедерациясы ...
Читать далее »Жаңа Қазақстан жаңа мүмкіндіктер кезеңі: Жастардың дарындылығын арттыруға бағытталған форум өтті
Жастар мәселесі, жастардың болашағы мен қоғамдағы орны елімізде қашанда маңызды мәселелер қатарынан түскен емес. Осы орайда Түркістан облысы, Ордабасы ауданында «Жаңа Қазақстан — жаңа мүмкіндіктер кезеңі!» атты жастар форумы өтті. Аталмыш форумның мақсаты жастардың өзі білімімен, еңбегімен және күш-жігерімен болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктеріне бағыт-бағдар беру. Мінбеде алғашқы болып сөз алған қазақстандық зілтемірші, әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұлдың ...
Читать далее »Ерлік қызмет: Волонтерлік патриотизмнің жарқын бейнесі
Ерікті латынның «voluntarius» сөзінен шыққан, адамның өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы деген сөз. Ал қоғамда олардың орны ерекше. Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Олар көмектесуді парыз деп санайды. «Еріктілер деген кім, олар немен айналысады, олар не үшін мұндай жақсылықтарға барады?» деген сұрақтарға бүгін жауап іздейтін боламыз. Қазіргі таңда жастарымыз қоғамдық ...
Читать далее »Шымкентте дәрігерлер алғаш рет сирек кездесетін дертке шалдыққан науқасқа күрделі ота жасады
Шымкентте дәрігерлер алғаш рет сирек кездесетін дертке шалдыққан науқасқа күрделі ота жасады. №2 қалалық аурухана базасында тың әдіспен жасалған операция кезінде хирургтар наркозды қажет етпейтін, асқынуларды болдыртпайтын хирургиялық ем тәсілін қолданған. Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Шымкент қалалық №2 ауруханасына 1986 жылғы науқас келіп түскен.Пациенттің ауруханаға түскен кездегі шағымы сүйек буындарының ауырсынуы, дене бітімінің кішірейуі, бойының шөгуі. Онымен қоса науқас ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҚОҚЫССЫЗ ТАЗА ТАБИҒАТ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ
Ертең, 8 қазан күні Мемлекет басшысы жариялаған «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясына орай Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында жаппай экологиялық сенбілік өтеді. Қоршаған ортаны таза ұстау — әр азаматтың парызы. Осы орайда, қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысуға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Сенбілік барысында Түрүкістан қаласы бойынша әкімшілік іскерлік орталықтың маңындағы көпқабатты үйлердің аумағы, С.Ерубаев көшесінде ...
Читать далее »Сарыағаш ауданында электро-шәйнек шығарыла бастады
Сарыағаш ауданында электро-шәйнек және еден сүрткіш жабдығын құрастыратын цех өз жұмысын бастады. «Bah_Asmar» ЖШС-на қарасты өндіріс орны күніне 600-700 дана электро-шәйнек және 10 000 дана еден сүрткіш шығарады. Цех 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта жеке кәсіпкер Қ.Егембердиев өз кәсібін ұлғайтып, өндіріс қуаттылығын күніне 2 600 данаға жеткізіп, қосымша жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Серіктестіктің жұмысымен танысқан ...
Читать далее »Түркістанда «Ұлы даланың жеті қыры» фотокөрмесі өтті
Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде «Ұлы Даланың жеті қыры» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Аталған фотокөрме Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен «Оңтүстік жастары» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен өтті. Рухани құндылығы мол шарада халқымыздың салт-дәстүрі, Түркістан облысының тарихи орындары және мәдени сәулеттік ескерткіштерінен сыр шертетін суреттер қойылып, көрмеге келушілердің жақынырақ танысуына мүмкіндік жасалды. Сайысқа облыс бойынша 17 аудан, қаладан 50-ден астам ...
Читать далее »Түркістанда белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды
Бүгін Түркістан қаласында зейнеткерлерге арналған орталық ашылды. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында зейнеткерлерге дәрігердің бақылауы мен кеңесі бойынша психологиялық көмек, тұзды бөлме, сенсорлық бөлме, массаж, сауықтыру-гимнастика, ЛФК кабинеті, еңбек терапия, фитотерапия, ағартушылық кабинет, акт залы, кітапхана алаңы, бильярд және теннис ойын алаңы, қосымша би, ән т.б үйірмелері қызмет етеді. Бір қолданысы 10 классикалық массажға тең жаңа инновациялық биоэнергетикалық ерекше массаж ...
Читать далее »