Сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады. Президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі және мемлекеттік сапар аясында бірқатар шара өткізеді, сондай-ақ Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау ...
Читать далее »Месячные архивы: Май 2023
Қазақстан-Германия техникалық және дуалды білім беру саласындағы кооперациясын дамыту болашағы БЕК отырысында талқыланды
Бүгін Берлин Еуразиялық клубының 37-ші отырысына қатысушылар Қазақстан мен Германия арасындағы техникалық жоғары және кәсіптік білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Іс-шараға екі елден мемлекеттік органдардың, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының, бизнес-қауымдастықтардың, сарапшылық қауымдастық және неміс компанияларының, cолардың ішінде «Deutsche Bank», «Siemens Energy», «Knauf», «MAN» және «Rhenus» компаниялардың 100-ге жуық өкілдері қатысты. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ...
Читать далее »БҰҰ Бас хатшысы орынбасары Ларби ДЖАКТА Қазақстанда конференция өткізеді
ПРЕСС-АНОНС Құрметті әріптестер, 17-19 мамырда Астана мемлекеттік қызмет хабының «Меритократия. Парасаттылық. Инновациялар» атты жыл сайынғы конференциясы өтеді. Іс-шараға Америка, Еуропа, Африка, Орталық Азия, Кавказ, Оңтүстік-Шығыс Азияның 30 елінің өкілдері қатысады. КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ АШЫЛУЫНДА, 17 МАМЫРДА, СӘРСЕНБІДЕ, СӨЗ СӨЙЛЕЙТІНДЕР: Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан БАЙМЕНОВ БҰҰ Бас хатшысы орынбасары, Мемлекеттік қызмет жөніндегі халықаралық комиссия төрағасы Ларби ДЖАКТА ...
Читать далее »Қазақстан СІМ-де БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесу өтті
16-18 мамырда Алматы қаласында өтетін БҰҰ-ның Халық қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) Жаһандық көшбасшылық кездесуінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЮНФПА Атқарушы директоры Наталия Канеммен кездесу өткізді. Атқарушы директор ҚР Үкіметі мен БҰҰ Қорының әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту, ана өлімінің көрсеткіштерін төмендету, перинаталдық паллиативтік көмек көрсету бойынша озық тәжірибелерді, белсенді ұзақ ...
Читать далее »Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркиядағы президент сайлауының бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады. Президент сондай-ақ парламенттік сайлауда Әділет және даму партиясы бастаған республикалық альянстың жеткен жетістігін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия президенттері бауырлас екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады. Айта кетейік, Түркиядағы президент сайлауында дауыстардың 96,15 пайызын санау қорытындысы бойынша ...
Читать далее »Қазақстан мен Еуроодақ ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы ресми консультацияларды бастайды
Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Брюссельге жұмыс сапары аясында Ішкі істер бойынша Еуропалық Комиссар Ильва Йоханссонмен кездесу өткізді. Келіссөздер нәтижесі бойынша тараптар ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы ресми консультацияларды бастау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. М.Нұртілеу сұхбаттасын Қазақстанның визалық саясаты, ҚР тарапынан ЕО үшін көші-қон тәуекелдерінің болмауы, Қазақстан Үкіметі заңсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша қабылдап ...
Читать далее »Стамбұлдағы Қыз мұнарасы қайта ашылды
Стамбұлдағы аты аңызға айналған Қыз мұнарасы күрделі қалпына келтіру жұмыстары мен бірқатар жаңартулардан кейін Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толған мерейиойына орай, ескерткіш және мұражай ретінде қайта ашылды. Стамбұлдың Азия жағалауында орналасқан Қыз мұнарасы 2021 жылы Мәдениет және туризм министрлігі бастаған қалпына келтіру жұмысынан жергілікті халық пен туристерге есігін қайта ашты. Босфор бұғазының жағасында орналасқан мұнара енді мемориалдық мұражай ретінде ...
Читать далее »Әзірбайжан елінде ТҮРКСОЙ-дың кезекті отырсы өтті
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жұмыс сапарымен Әзірбайжанға барды. Мұнда ТҮРКСОЙ ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлерінің кездесуі және ТҮРКСОЙ Бас хатшысы, Түркі Мемлекеттерінің ұйымы, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының, Халықаралық Түркі академиясының, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының өкілдері қатысатын басқа да іс-шаралар жоспарланған. Атап айтқанда, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевпен, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті ...
Читать далее »Қожа Ахмет Ясауи Университеті Сабахаттин Заим университетімен меморандумға қол қойылды
Оқу орнымызға Ыстанбұл Сабахаттин Заим университетінің ректоры док., проф. Ахмет Джеват Ажар арнайы ат басын бұрды. Бұл сапардың басты мақсаты – оқу орнымыз бен Сабахаттин Заим университетінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Құрметті қонақты оқу орнымыздың басшылығы күтіп алып, университетіміздің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Ахмет Джеват Ажар киелі шаһардағы Ясауи университеті Қазақстан мен Түркияның берік достығының символы екенін атап өтті. «Түркі дүниесі баршамызға ортақ! ...
Читать далее »Түркістандық каратэшілер Мароккода өткен рейтингтік турнирден қос жүлдемен оралды
Жуырда Морокконың Рабат қаласында каратэ спортынан WKF «Karate-1 Premier league» рейтингтік халықаралық турнирі өткен болатын. Тартысты додада Қазақстанның намысын қорғаған Түркістан облысының споршылары ел мерейін үстем етіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Аталған турнирде түркістандық спортшылар — Әсел Қанай күміс жүлдеге ие болса, Абылай Төлтай қола жүлдені иемденді. Осы ретте спортшыларды жан-жақты дайындап, шеберліктерін шыңдаған каратэден Түркістан облысының аға бапкері Боран Төлеевтің ...
Читать далее »