Месячные архивы: Май 2023

ҚР СІМ-де жалпыеуропалық ынтымақтастықты талқылау бойынша Қазақстан-Ресей консультациялары өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко арасында консультациялар өтті. Консультациялар барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын екіжақты Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының кең ауқымын талқылады. Келіссөздер барысында ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық институттармен жалпыеуропалық ынтымақтастық аясында екі ...

Читать далее »

Қазақстан СІМ-де Бельгия Парламентінің депутаттарымен кездесуде парламентаралық дипломатияның рөлі талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Бельгия Корольдігі Парламентінің делегациясымен кездесу өткізді. Сыртқы істер және конституциялық даму комитеттерінің төрағалары құрамында бельгиялық заң шығарушы органының Сенат және Өкілдер палатасы депутаттары Парламентаралық одақ шеңберінде қазақстандық әріптестермен байланыстарды нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында Астанаға келді. СІМ-дегі кездесуде бельгиялық делегацияны Бельгия Парламентіндегі Орталық Азия елдерімен достық тобының төрағасы Тим Ванденпут басқарды. Р. ...

Читать далее »

Еуропалық парламентте Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бүгін Еуропалық парламенттің Орталық Азия бойынша Халықаралық сауда комитетінің Тұрақты баяндамашысы Роман Хайдермен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалары туралы пікір алмасты. Еуропалық парламенттің салалық құрылымдарымен, оның ішінде Халықаралық сауда комитеті (INTA) мен Көлік және туризм комитетімен (TRAN) өзара іс-қимыл мәселелері жеке қарастырылды. Р. Василенко Президент Қасым-Жомарт ...

Читать далее »

Қазақстан Елшісі Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын табыс етті

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы және Ватикан Мемлекетінің жанындағы қоса атқарушы Елшісі Қайрат Саржанов рим-католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Францискке сенім грамоталарын тапсырды. Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, еліміздің Қасиетті Тақпен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін білдірді. Сонымен қатар Елші Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жылдығы қарсаңында Рим Папасының Әлемдік және дәстүрлі діндер ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтаулар келіп түсті

Президенттің 70 жылдық мерейтойына орай шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларынан, парламенттердің спикерлерінен, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық құрылымдардың жетекшілерінен, шығармашылық және ғылыми орта өкілдерінен құттықтаулар мен жеделхаттар келіп түсіп жатыр.  Мемлекет басшысының атына Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан ...

Читать далее »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жылдық мерейтойымен Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко және БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян телефон арқылы құттықтады. Мемлекеттер басшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, достас Қазақстанды өркендету жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметте оның ...

Читать далее »

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды

Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы басшыларының Бірлескен мәлімдемесі; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі меморандум; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы меморандум; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы индустрияландыру және инвестициялық ынтымақтастық жоспары; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің өзара қарым-қатынасты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді

Сондай-ақ екі елдің ынтымақтастығын жаңа белеске көтеру үшін бар күш-жігерін жұмылдыруға дайын екенін атап өтіп, бүгінгі келіссөздер екіжақты ықпалдастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді. «Экономикалық әлеуеттің жүзеге асырылуы көбінесе көлік-транзит саласына байланысты. Бұл жерде Сіздің ауқымы жағынан бірегей «Бір белдеу – бір жол» бастамаңыздың аясындағы табысты ынтымақтастығымызды ерекше атап өткім келеді. Осы жылдар аралығында «Бір белдеу – бір жол» жобасын ...

Читать далее »

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық ілтипат білдіріп, 70 жас мерейтойымен құттықтады

«Осындай айтулы күні Сіз Қытайға мемлекеттік сапармен келіп отырсыз. Бұл біздің екіжақты ынтымақтастығымыздың жоғары деңгейде екенін көрсетеді және Қытаймен тығыз байланыстарыңызды тағы да растайды. Қытай мен Қазақстан қытай-қазақ қатынастарының жаңа «алтын 30 жылдығына» қадам басты. Біздің елдеріміз достық, өзара қолдау дәстүрін дамытып, тиімді ынтымақтастықты тереңдетуі қажет», – деді ҚХР Төрағасы. Кездесу барысында тараптар екі елдің сауда-экономика, мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, ...

Читать далее »

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, мемлекеттік сапармен келуге шақырып, құрметпен қарсы алғаны үшін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ оны Қытай Халық Республикасының Төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. «Қазақстан үшін Қытай Халық Республикасының орны – ерекше. Біздің ынтымақтастығымыз мызғымас достыққа және өзара қолдауға негізделген. Екіжақты қарым-қатынасты жандандыру жолындағы мақсатымыз – ортақ. Аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті, өзара ықпалдастықты нығайтуды көздейтін ...

Читать далее »