Жарияланды: 11.03.2025

Даяшы қыз әріптесін жарты миллион теңгеге алдаған

фото azh.kz

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасаған бойжеткенді ұстады. Тексеру барысында анықталғандай, дәмханада жұмыс істеген жәбірленуші әйел банк қосымшасын қалай қолдану керек екенін түсінбей, әріптесінен несиесін төлеп беруін өтінген.
 
Алайда жас қыз несиені төлеп болған соң арам ойын іске асырған. Яғни сөмкеге қалдырып кеткен жәбірленушінің телефонын жасырын алып, екі бірдей банктен онлайн несие рәсімдеп, өзінің несиесін жапқан. Жәбірленушіге жарты миллион теңгеге жуық шығын келтірген.
 
Ал арызданушы банктен несие бойынша берешек туралы хабарлама келген кезде ғана алданғанын білген. Қазіргі таңда бойжеткенге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
61 қаралым