Қазақстан президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Төлеутай Рахымбеков «Атамекен бизнес» телеарнасына сұхбат берді. Төлеутай Рахымбековтің атап өтуінше, кандидаттың үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жигули Дайрабаев осы уақытқа дейін Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының және Шымкент қаласының сайлаушыларымен кездесті. Осы аптаның соңына дейін Павлодар, Жетісу, Алматы облыстарының және Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Мұнан бөлек, кандидаттың сенімді ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
Салтанат Тұрсынбекова Алматыда зияткерлік меншікті қорғауға арналған жиын өткізді
Салтанат Тұрсынбекова Алматыда зияткерлік меншікті қорғауға арналған жиын өткізді Алматыда ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Президенттікке кандидатпен кездесудегі негізгі әңгіме білім экономикасы: технологиялар, ноу-хау, зияткерлік меншік туралы болды. Салтанат Тұрсынбекова Алматыны екінші күн қатарынан аралап жүр. Бірінші күні ол қала тұрғындарымен кездесіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылаған. Алматы — қазірдің өзінде кандидаттың сайлау ...
Читать далее »Мейрам Қажыкен Өскемендегі ГЭС-ке барды
ҚР президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен «Өскемен ГЭС АЭС» ЖШС ұжымымен кездесті. Сайлауалды бағдарламасының қысқаша таныстырылымынан кейін М. Қажыкен станция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді. Бұған дейін президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Өскемен қаласына барып, Шығыс Қазақстан ауруханасы диагностикалық орталығының қызметкерлерімен кездескенін және «Восток молоко» корпорациясына барғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, кандидат «Каравай» ЖШС ұжымымен де кездесті. Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 ...
Читать далее »Нұрлан Әуесбаев ОСК-ға дебат өткізу жөнінде талап қойды
Жалпыхалықтық социал-демократиялық партия атынан ҚР президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясынан келесі аптада халықтық коалиция өкілімен республикалық деңгейде дебат өткізуді талап етті. Бұл туралы кандидат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Жақында Нұрлан Әуесбаевты «Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер ашық дебатқа шақырған болатын. Осыған жауап ретінде бейнеүндеу жариялаған оппозиция кандидаты Орталық сайлау комиссиясынан келесі аптада халықтық коалиция өкілімен республикалық деңгейде дебат ...
Читать далее »Тоқаевты қолдау жөніндегі штабта зиялы қауым өкілдері бас қосты
ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабта «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың қатысуымен Қазақстанның ғылыми-мәдени зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушылар кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын талқылады. Сонымен қатар, қонақтар кандидаттың сайлауалды штабының жұмысымен танысып, өз ұсыныстары мен тілектерін қалдырды. Олардың қатарында ақын, филология ғылымдарының докторы Оңайгүл Тұржанова, Астана қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған ...
Читать далее »ТҮРКСОЙ-ҚАЗАҚСТАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АРТТЫ
Қазақстан ТҮРКСОЙ ынтымақтастық шеңберінде бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы Роза Кәрібжанова ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында мәлімдеді: “ТҮРКСОЙ-мен ынтымақтастық шеңберінде 2022 жылы Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп бірқатар мәдени іс-шараларды ұйымдастырылды. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы тойланды. 2021 жылы ...
Читать далее »Балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналармен кездесу өтті
2022 жылдың 4 қараша күні №1 Шымкент қалалық емханасы мәжіліс залында, балаларына екпе салудан бас тартқан ата-аналармен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кіріспе сөзді емхана бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау ісі жөніндегі орынбасры Д.Т.Қазахбаева ашып, кездесуге келген Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Рахымжан Абдувахидұлын таныстырып өтті. Жиналудың себебі жоспарлы екпе салудан бас тартушылармен ...
Читать далее »ШУША – 2023 ЖЫЛЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ
Түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы – Шуша қаласы. Бұл туралы ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді: “Шуша қаласының басқыншылықтан азат етілуі – түбі бір түркінің ортақ қуанышы. Сондықтан Шуша Түркі әлемінің 2023 жылы мәдени астанасы болуға әбден лайық”. Әзірбайжанның Таулы Қарабақ аумағындағы Шуша қаласын 1992 жылдың 8 мамырында армян әскерлері ...
Читать далее »ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің отырысы Бурса қаласында басталды
ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысы 2022 жылғы 5 қарашада Түркі әлемінің 2022 жылғы мәдени астанасы Бурса қаласында басталды. Жиынға Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсоймен бірге Әзірбайжанның Мәдениет министрі Анар Керимов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі. Алтынбек Мақсұтов, Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Түркіменстанның Мәдениет ...
Читать далее »Бұрса қаласында «Қорқыт Ата» түркі әлемінің фестивалі басталды
Түркияның Бұрса қаласында «Қорқыт Ата» түркі әлемінің фестивалі шеңберіндегі Түркі әлемі кино саммиті басталды. Түркия Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – түркітілдес мемлекеттер арасындағы тарихи, рухани байланыстарды нығайту, кино саласындағы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ортақ жобалар жасау, кәсіби бірлікті арттыру. Түркия Республикасы Мәдениет және туризм вице-министрі Ахмет Мисбаһ Демирджан түркі журналистерге берген сұхбатында Түркі әлемі фильм фестивалі ...
Читать далее »